Француздар Қостанайда шошқа өсірмекші

Бұл жөнінде Қостанай облысына  келген Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэ бастаған француз делегациясы мен өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың кездесуінде айтылды. Елші жанына әлеуетті инвесторларын, яғни франциялық және біріккен ірі компаниялар басшыларын ерте келіпті деп хабарлайды egemen.kz тілшісі. 

Олармен кездесуде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстың сыртқы эконмикалық байланысын қысқаша баяндап берді. Қостанай бүгінде әлемнің 90 елімен экономикалық байланыс жасайды. Соның ішінде өндірген өнімін негізінен Ресейге, Қытайға, Иранға, Ауғанстанға, Өзбекстанға және тағы басқа елдерге артады. Облыстың сыртқы тауар айналымы 2 млрд 867 млн долларды құрайды. Ал соның ішінде Франциямен арадағы сауда көлемі 2 млн доллардан асады.

«Біз Франция инвесторларының қандай ұсынысын да қарауға даярмыз. Өзіміздегі Индустриялық аймаққа орналасу қызықтырса, оны да, облыстың басқа өңіріне қаржы салғысы келсе, оны да қолдаймыз» деді Архимед Бегежанұлы.

Өз кезегінде Француз елшісі Филипп Мартинэ Қостанайда француз орталығының бірнеше жылдан бері жұмыс істейтінін, соның арқасында екі ел арасындағы білім және мәдени байланыстардың дамып отырғанын айтты. Дегенмен елшінің бұл жолғы сапардағы ұсынысы экономикаға қатысты болды.

2005 жылы Ресейдің Липецк қаласында іргетасын қалаған «Отрада» компаниясы  Қостанайда шошқа шаруашылығын дамытқысы келетін ұсынысын айтты. Жобаның халықаралық сипаты болады, оның акционерлері Француздар мен Ресей болып табылады, бұл істе Дания, Өзбекстан, Украина әріптестері саналады екен. Осы жобасы үшін француздардың таңдауы Қазақстанның астықты өңірі Қостанайға түскен сыңайлы. Жобаның іске асуы қалай болатынын уақыт көрсетеді. Әзірше делегация облыс өңірін аралап жүр.

Түпнұсқадағы тақырып: «Француз инвесторлары Қостанайда шошқа шаруашылығын дамытуды ұсынды»

 

Мынаны да қараңыз

Торғай жұрты айтыскер ақын Айбек Қалиевпен кездесті

Бүгін Жанкелдин ауданының орталығы — Торғайда Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рахмет саған, ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *