Қостанайда ХҚКО-да қымбат нөмір үшін ақша алған алаяқтар ұсталды

Қостанай облысы Полиция департаменті Жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мамандандырылған ХҚКО аумағында ақша үшін көмегін ұсынған алаяқтарды қолға түсірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналистермен өткен кездесуде Қостанай облысы Полиция департаменті Өңірлік қызмет басқармасының бастығы Алтынбек Сүйіншіәлиев хабарлағандай, соңғы уақытта ақша үшін көмектерін ұсынатын алаяқтар көбейіп барады. Тұрғындар оларды «сұраншақтар» немесе «жүгермектер» деп атайды. Олар тиісінше автокөлік иелерінің барлық проблемасын шешіп береді-міс.

«Олардың екеуі Қостанай қаласының мамандандырылған ХҚКО аумағында қала тұрғынымен кездесіп, 35 мың теңгеге автокөлікті қайта ресімдеу кезінде қымбат нөмір алуға көмек көрсетуге уәде берді. Осы факті бойынша қауіпсіздік басқармасы қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін ақықтады. Қазір «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деді  Алтынбек Сүйіншіәлиев.

Күдіктілер өз кінәларын мойындады. Полицейлер ХҚО-да азаматтардың мәселелерін шешу 20-30 минут қана алатынын еске салады. Өткен жылдан бастап жүргізуші куәлігін алмастыру және автокөлікті тіркеу электрондық үкімет порталында «онлайн» режимінде іске асырылады.

 

Мынаны да қараңыз

Машкевич Қостанай өңірін жарылқаймын дейді

Eurasian Resources Group (ERG) пен Қостанай облысының әкімдігі 2019 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *