Monthly Archives: шілде 2019

Торғайлық ананың арманы

  Жанкелдин ауданында полиция бөлімінің ағымдағы жылдың алты ай ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Оған Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев қатысты. Мәжілісте екі мәселе қаралды: ол торғайлық тәртіп сақшылардың жарты жылда атқарған жұмыс қорытындысы және полицияның тәртібі, заңдылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жағдайы. Аталған мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция ...

Толығырақ »

Әулиекөл ауданының тұрғыны өз үйінде өртеніп кетті

Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. «13 шілде күні 22:22-де өртке қарсы қызмет пультіне Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылындағы жеке үйдің өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Үйдегі өрт жақын маңдағы шаруалық құрылысқа өткен және жалпы 180 шаршы метр аумақты от шарпыған» делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 00:54-те толық ...

Толығырақ »

Бокстан Әлем чемпионы Қостанайда адам өлтірді деген күдікке ілінді

Бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқановқа кісі өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кісі өлімі 11 шілдеде облыс орталығына жақын жердегі «Алтын дала» ауылында болған. Полицияның кезекші бөліміне бір әйел хабарласып, отағасының өлі денесін тапқанын айтқан. — Жедел іс шаралары барысында қылмыстық істің бетін аштық. Күдікті Заречный ауылына қарай қашпақ болды. Әріптесіммен бірге сол маңайдағы ...

Толығырақ »

Қостанай облысының ауылдарын ауыз сумен қамту үшін қомақты қаражат бөлінді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстағы партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келген бір топ депутат Ирина Аронова, Иван Клименко мен Альбер Рау «Nur Otan» партиясының жалпыұлттық «Qutty meken» жобасы аясында Алтынсарин ауданына қарасты Докучаев ауылындағы су құбырларын жүргізу жұмыстарымен танысты.  Жалпы, биыл Қостанай ...

Толығырақ »

Қостанай облысы Арыстағы 671 нысанды жөндеуге кірісті

Қостанай облысы Арыс қаласында үйлерді жөндеуге кірісті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Арыстағы соңғы жағдайларға байланысты елдің түкпір-түкпірінен  гуманитарлық көмек жиналып, арнайы қор құрылғаны мәлім. Қостанай облысы да бұл бастамадан шет қалмады. «Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен байланысты. Келіссөздердің нәтижесінде Қостанай облысы арыстықтарға бүлінген үйлерді қалпына келтіруге көмектесетіні белгілі болды. Қазіргі уақытта Арыс қаласында ...

Толығырақ »

Қостанай облысының мұғалімі халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды

Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы Шымкентте өткен Халықаралық мұғалімдер арасындағы конкурстан бас жүлдеге ие болып, автокөлік ұтып алды. Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің География пәнінің мұғалімі. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап География пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 1993 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарасу селосында дүниеге келген. «Басты мақсатым: Қазақстан Республикасының білімді ұрпағын тәрбиелеу» дейді мұғалім.

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Ресейде жүр

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресей Федерациясында іссапармен жүр деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Белгілі болғандай, құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.Қойшыбаев, «БРК-Лизинг» АҚ басқарма төрағасы Н.Байбазаров, Қазақстан АвтоБизнесі Ассоциациясының президенті А.Лаврентьев бар делегация Татарстан Республикасының, сондай-ақ, РФ Свердлов облысының өнеркәсіптік мекемелерінде болды. «КамАЗ» фирмасының бас директоры Сергей Когогиннің ...

Толығырақ »

Мың домбыра шанағынан төгілген «Балбырауын»

Батпаққара даласының көгінен күй төгілгендей болды. Орталық алаңдағы мерекелік іс-шара өтетін орынға мың домбырашының жайғасуы күй тартпай тұрып-ақ керемет сұлу көрініс еді. Аппақ киініп, қолына қоңыр домбыра ұстаған домбырашылар жағалай аққу-қаздар қонып, құс базарына айналған көк айдын іспетті.   Олжас Қылдыбаев дири­жер таяқшасын сілтеп қал­ған­да, мың домбыра шанағы­нан Құрманғазының «Балбы­ра­уыны» төгіле жөнелді. Арқа­ның кешкі май тоңғысыз самалы ерке күйді алысқа алып ...

Толығырақ »

Жанкелдин ауданында фронт-офис көмегіне жүгінгендер жұмысқа орналасты

           Жанкелдин ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Талғат Сәбитұлы фронт-кеңседе азаматтарды қабылдады. Бұл туралы аудандық «Біздің Торғай» газеті алдын ала хабарлаған болатын. Фронт-кеңсеге үш ауыл тұрғыны келіп, жұмыссыздық мәселесі бойынша жүгінген болатын. Тәртіп сақшылары азаматтардың кәсіп табуына көмектесті. Атап айтсақ, аудан тұрғыны Данияр Мұхамеджанов полиция бастығына біраз уақыттан бері жұмыссыз жүргенін жеткізеді. Мұхамеджановтың мәселесін мұқият ...

Толығырақ »

Әсия БЕРКЕНОВА, ақын: Қостанайда қазақ тілінде білім беретін 16 мектеп бар (Видео)

«Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебін жабайын деп жатыр» деген дақпыртқа өз пікірімді қоспақпын. Өтіріктен бастау алған жалғандықтың тамыры терең болмас. Біріншіден, Қостанай қаласында 6 қазақ мектебі, 10 аралас тілді мектеп бар. Мақала иесі айтып отырған 24 бастауыш мектеп тоқсаныншы жылдардың ортасында əйтеуір бір қазақ мектебін ашып алайық деген мақсатпен балабақша ғимаратында ашылды. Сол ашылған сəтте бірден бұл уақытша мектеп екені, мұнда ...

Толығырақ »