
Арқалық қаласының әкімі Э. Күзенбаев оқу жылының алдында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жалпы білім беру орындарын аралады.

Бүгінде М. Әуезов атындағы № 5 мектептің жылыту жүйесіне, сондай-ақ, №2 мектептің шатырына, ғимараттың қасбетіне, терезелерге және кіре беріс есіктерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қала басшысы жұмыстардың қарқынымен танысты. «Алюминстрой» ЖШС өкілдері қазіргі таңда орындалған жұмыстардың көлемі 90% -ды құрағанын айтты.
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz