Затоболда көлік өртеніп, 2 жасар сәби күйіп қалды

Қостанай облысының Затобол елді мекенінде көлік өртеніп, екі жасар сәби күйіп қалды. Бұл туралы Қазақпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өрт сағат 15:29-да Затобол селосындағы «Светофор» дүкенінің маңында болған.

Өрт «Лада-Приора» көлігінен шыққан.

«Өрт 7 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 15:46-да толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2017 жылы туған қызды 2-ші дәрежелі күйік шалды. Оқиға кезінде ол көлік ішінде болған» деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Күйік шалған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өрттің нақты себептері анықталып жатыр.

 

Мынаны да қараңыз

Лисаков қаласында әктас өңдеу зауыты ашылады

Қостанай облысы Лисаков қаласында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *