Tag Archives: Затобол

Затоболда көлік өртеніп, 2 жасар сәби күйіп қалды

Қостанай облысының Затобол елді мекенінде көлік өртеніп, екі жасар сәби күйіп қалды. Бұл туралы Қазақпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Өрт сағат 15:29-да Затобол селосындағы «Светофор» дүкенінің маңында болған. Өрт «Лада-Приора» көлігінен шыққан. «Өрт 7 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 15:46-да толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2017 жылы туған қызды 2-ші дәрежелі күйік шалды. Оқиға кезінде ол көлік ішінде ...

Толығырақ »

Қостанай облысында қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылды

Қостанай қаласының іргесіндегі Затобол кентінде облыстағы алғашқы қоқыс өңдейтін заманауи зауыт пайдалануға берілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі egemen.kz-ке сілтеме жасап. Жылына 40 мың тонна қоқысты іріктеп, өңдейтін зауыт үш ауысымдық жұмыс күніне көшкенде, жылына 120 мың тонна қоқыс өңдеп, игере алатын көрінеді. «EKO SITI KZ» ЖШС директоры Жандос Жақсыбаевтың айтуына қарағанда, зауыт толық қуатына үш сатылап қосылатын болады. Әзірге кәсіпорынның ...

Толығырақ »

Тағы бір әйелдің өлі денесі табылды

Қостанай облысында 45 жастағы әйелдің денесі табылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға 2 желтоқсан күні Қостанай ауданында болған. 45 жастағы әйел 1 желтоқсан күні таңертең Затобол ауылындағы үйінен шіркеуге шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған. Арада бір күн өткенде тұрғындар марқұмның денесін саяжайдан тапты. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты рсеми мәлімет таратқан жоқ. 

Толығырақ »

Құтты алап — қазақтың құты

Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатқан тәуелсіздік дәуірінде солтүстік өңірінде де тарихи жер-су атаулары қалпына келтіріліп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Патшалық заманда және советтік дәуірде өзгеріске ұшыраған атаулардан арылатын уақыт келді. Алайда, батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны секілді, атауларды өзгерту немесе тарихи атауларды қайтару әлі де баяу жүріп жатқан секілді. Қазақ даласында осы күні Затобол, Заречный, Притобольский, Приреченский секілді зорлап жапсырылған ...

Толығырақ »

«Куттыалап — ужасное название…»

немесе Қостанай облыстық Ішкі саясат басқармасы кімнің мүддесін көздеп отыр? «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» Бұл қалмақ қарғысы деседі, расында бүгін бір жайт осы мақалды еске түсірді. Біздің Тобыл-Торғай өңірі құстың қос қанатындай өлке ғой, облыстың жартысын Торғай өңірі алып жатса, қалған жартысын Тобыл аймағы құрайды. Алайда, Торғай өлкесінде облыс халқының 10 проценті ғана тұрады. Енді ол туралы айтпай-ақ қояйын, ...

Толығырақ »

Затобол кентінде тұрғын үй өртеніп кетті

Бүгін Қостанай ауданының Затобол селосында көпқабатты үйден өрт шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға Попович көшесінде болған. «Өрт 6 пәтерлі тұрғын үйлердің бірінен шықты. Қазіргі мәлімет бойынша №3 пәтер жанып кетті. Оқиға орнына жеке құрамның 19 өрт сөндірушісі мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 08:24-те толықтай сөндірілді» деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне. Ведомствода мәлім ...

Толығырақ »