Қостанайда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді (видео)

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі АШМ Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол қарамағындағы қызметкерден жұмыста жалпы қамқорлығы және жүгенсіздікке жол бергені үшін 130 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Күдікті қорғаушысының қатысуымен өткен жауап алу кезінде кінәсін толық мойындап, келу туралы міндеттемені алды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің дәрежесін анықтау арқылы түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Тобыл-Торғай-ақпарат 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *