Қостанай облысында бірқатар тағайындау болды

Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында бірнеше департаменттің жаңа басшылары таныстырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Айбек Ғалымжанов Қостанай облыстық Статистика департаментінің басшысы болып тағайындалды. Айбек Тойшыбекұлы 1976 жылы 2 қаңтарда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында туған. Білімі – жоғары, 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын аяқтады, біліктігі – көлік кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент. 2019 жылдың 18 қарашасына дейін «Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ облыстық Әділет департаментіне Умаров Амир Саралиевич келді. Ол бұған дейін Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары лауазымында болды.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің өкімімен «Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалдық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков тағайындалды.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *