19.12.2019

Қостанай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан тәртіп сақшысы көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қайғылы оқиға 18 желтоқсанда Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының 84 шақырымында болған. «Жүк көлігі мен «Ауди» соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. «Ауди» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жол апаты салдарынан Әулиекөл ...

Толығырақ »

Торғайда газ баллоны жарылып, 4 адам қаза болды

Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосында тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 15 желтоқсан күні Торғайда болған. Соңғы мәлімет бойынша, Байқадамов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. «Сағат 21:00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың арасында үш баланың денесін 40%, ал ...

Толығырақ »

Батырдың сырттаны — Шақшақ Жәнібек

Шақшақ Жәнібек — ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихында көрнекті қызмет атқарған тұлға. Оның жаужүрек батырлығын, рубасы би ретіндегі басшылығын, ел тағдыры мен мемлекет мүддесін қорғаған дипломатиялық қызметін қазақ жұртының тыныс-тіршілігіне ерекше екпін қосқан елшілдік қызмет болды деп айтуға толық негіз бар. Даланың ауызша тарихы Шақшақ Жәнібектің ерлік істері Әз-Тәуке ханның билігі тұсынан басталған деп аңыздайды. Бұл тұста Жоңғар империясының әскери-феодалдық мемлекет ...

Толығырақ »

Жігері жасымаған Жұмагүл

1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына есімі қазақ жұртына беймәлім Г.Колбин отырғызылғаны белгілі. Басшылықтың ауысуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Орталық компартияның шешіміне наразылық білдіргісі келген жастар 17 желтоқсан күні таңертең сол кездегі Л.Брежнев атындағы алаңға жиналып, шеру өткізді. Алайда жастарға «нашақорлар, маскүнемдер, бүлікшілер» деген айып тағылып, жаппай жазалауға алынды. Ақ қар, көк мұзда алаңға шыққан ...

Толығырақ »