Рудныйда 50 отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Рудный қаласының 50 тұрғыны «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Восточная» ықшам ауданындағы жаңа пәтерлердің кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды.

Бес қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 3900 шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 442,6 млн теңге жұмсалған. Бас мердігер – «Рудныйсоколовқұрылыс» АҚ.

«Аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанына куә болып отырсыздар. Ауқымды жұмыстың басты мақсаты — азаматтарды қолжетімді үймен қамтамасыз ету. Биылдың өзінде облыс бойынша 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 пайызға жоғары. Рудныйға келсек, осы ықшамауданда жуырда екі арендалық тұрғын үй бой көтерген еді. Болашақта 60 пәтерлік тағы төрт жаңа үй тұрғызу жоспарда бар», – деді өңір басшысы қуаныш иелерін құттықтап.

Салтанатты шарадан соң Архимед Мұхамбетов Едіресовтер отбасының жаңа пәтерінде қонақта болып, сыйлық тапсырды.

Мынаны да қараңыз

Елордада «Тобыл-Торғай әуені» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтеді

Іс-шара 8 сәуір күні, яғни ертең сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *