Жанкелдин ауданында 15 қабанды жайратып салған күдікті ұсталды

Қостанайлық полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді ұстады. Олар он миллион теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшылары Жанкелдин ауданының Торғай ауылында патрульдеу барысында Nissan Patrol маркалы автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік салонынан полиция қызметкерлері 15 жабайы қабанның терісін тапқан.

«Аталған факті бойынша Жанкелдин ауданы Ақшығанақ ауылының 58 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті аң аулау лицензиясынсыз 15 қабанды атып алған» деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Тағы бір заңсыз аң аулау дерегі Науырзым ауданында болған. 12 желтоқсан күні түнгі сағат 02:00 шамасында Науырзым қорығы маңында үш ер адам ұсталды. Олар бір бұғыны атып, сойып жатқан жерінен ұсталды.

Қазіргі уақытта осы екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігімен («Ірі залал келтіру арқылы заңсыз аң аулау») сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *