Торғайда газ баллоны жарылып, 4 адам қаза болды

Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосында тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 15 желтоқсан күні Торғайда болған. Соңғы мәлімет бойынша, Байқадамов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. «Сағат 21:00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың арасында үш баланың денесін 40%, ал 22 және 34 жастағы ересек адамдардың денесін 70% күйік шалған. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Жанкелдин ауданында төтенше жағдайға байланысты штаб құрылды. Өрттен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді (шокқа қарсы терапия, таңу, ауырсынуды басу). Өрт кезінде 4 адам көз жұмды. Оның ішінде жасқа толмаған екі сәби бар» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

17 желтоқсан күні өрттен зардап шеккендер санитарлық авиакөлік арқылы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...