Қостанайда бір жылда 20 мың автокөлік құрастырылды

Қостанайда өткен жылы 20 мың автокөлік құрастырылса, оның дені экспортқа шығарылыпты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов айтып берген.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС жыл сайын өндіріс көлемдерін ұлғайтып жатқан көрінеді.

«2019 жылы 20 мың автомобиль құрастырылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық. 2018 жылғы 10 айда 9 321 бірлік шығарылған. Кәсіпорын биыл 25 мың автомобиль құрастыруға ниетті. Қазіргі уақытта Қытайдың СМС (China National Machinery Imp. & Exp. Corp.) және JAC (Anhui Jianghuai Automobile Group) компанияларының Аллюр компаниясы тобы капиталына кіру жөніндегі мәмілесі аяқталып келеді. Нәтижесінде алдағы 10 жылда инвесторлар саланы дамытуға кезең-кезеңімен 1,1 млрд АҚШ долларын құяды. Өндіріс көлемін жылына 80-100 мың автомобильге дейін ұлғайту, сондай-ақ өңірлік деңгейді көтеру мәселесі шешілмек» дейді Саят Жүсіпов.

Автомобиль түрлерін көбейту де кәсіпорынның басты жоспарына енген. Сонымен қатар көбірек шетелдік нарыққа шығару жолдары қарастырылуда. Мәселен, былтыр Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь Республикасына 1 886 көлік жеткізілген.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *