Арқалықта колледж директоры қаржы жымқырғаны үшін жазаланды

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

— 6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Оспанов А.С. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 млн 864 мың 950 теңге сомасында айыппұлға жазаланды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды, — делінген хабарламада.

Мынаны да қараңыз

«Көлікті тіркеуге қарсы емеспіз, тек шығыны көп»

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы барысында Қостанай полицейлеріне 200-ден астам сұрақ қойылды. Тұрғындарды қызықтырған өзекті мәселе ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *