Қостанайда Ыбырай Алтынсарин ескерткіші бой көтереді

Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин ескерткіші бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  instagram парақшасында жазды. 

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай қаласын дамытудың бірқатар мәселесі талқыланды. Биыл Алтынсарин көшесіндегі 15 тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеу және апатты жағдайдағы көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңарту жоспарланып отыр.

«2020 жылы қала аумағында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылатын болады. Мысалы, Притобол паркінің оңтүстік бөлігінде ауданы 48 гектардағы «Триатлон парк» құрылысы және солтүстік бөлігін қайта жаңарту жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ қазақтың педагог-ағартушысы Ы. Алтынсаринге арналған ескерткіштің эскиздері қаралды. Ескерткішті осы жылы орнату жоспарланып отыр» деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Өңір басшысы жиын қорытындысы бойынша облыс орталығының басшылығына жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Мынаны да қараңыз

Елордада «Тобыл-Торғай әуені» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтеді

Іс-шара 8 сәуір күні, яғни ертең сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *