Tag Archives: Ыбырай Алтынсарин

Ұлы ұстаз мектепті қалай ашты?

Ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында мектеп ашу ісі зор ықылас, қажырлы еңбек, қайтпас жігермен, көп қиыншылықпен келді. Көшпелі халықтың тұрмысында тұрақты мектеп салу оңай емес еді. Патшалық Ресейдің отары болып, қаналып отырған қырғыз-қайсақтар (қа­зақ­тар) үшін оқудың маңызы тек сол орыс билігіне, шенеуніктеріне қызмет етіп, жергілікті халықпен арадағы тіл­маш­тық, іс жүргізу қызметтерін жүргізу мақ­сатында ғана болған еді. Мұның алдын­да ...

Толығырақ »

Ұлы ұстаз туралы әлі ашылмаған деректер

Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға. Ол қиын да ауыр кезде өмір сүрді. Бірақ артына мәңгілік өшпес із қалдырды. Оның еңбегі зерттеліп, көп жай анықталды. Зерттеушілер Ә.Дербісалин, Б.Кенжебаев, Б.Сүлейменов, Б.Ысқақов, Ә.Сыдықов көп еңбек жасады. Дегенмен ұлы адамның жеке басына байланысты анықталмаған жайлар әлі де баршылық. Қазіргі зерттеушілер «Алаш» қайраткерлерінің Алтынсарин туралы жазған еңбектеріне әлі терең боламай жүр. Сол зерттеушілердің қатарында Ә.Бөкейхан, ...

Толығырақ »

Қостанайда Ыбырай Алтынсарин ескерткіші бой көтереді

Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин ескерткіші бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  instagram парақшасында жазды.  Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай қаласын дамытудың бірқатар мәселесі талқыланды. Биыл Алтынсарин көшесіндегі 15 тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеу және апатты жағдайдағы көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңарту жоспарланып отыр. «2020 жылы қала аумағында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылатын болады. Мысалы, Притобол паркінің оңтүстік бөлігінде ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы қазақ мектебі жайы туралы

Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтың «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Мен оны әрі жалғастырып, бала тәрбиесінің отбасына, ошақ-қасына, ал білімінің мектепке де қатысы бар екенін айқым келеді. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.» депті ...

Толығырақ »

Ы.Алтынсарин мен Н.Ильминский

Ильминский мен Ыбырай 1859 жылы Орынбор шекара комиссиясының сол тұстағы төрағасы В.В.Григорьевтің пә­терінде жолығысады. Ыбырай ол кезде Орынбордағы оқуын бітіріп, атасы Балғожа бидің іс жүргізушісі болып жүрген. Оның білімге құштарлығын байқаған Василий Васильевич өзіне жұмысқа аудармашы етіп алып, Ыбырай қызмет бабымен, не­месе арыз-шағыммен келген қазақтардың айтқанын аударып, тілмаштық қызмет атқарады. Оның отыратын бөлмесімен қабырғалас бөлме кітапқа толы болатын. Ыбырай сол ...

Толығырақ »

Ыбырай Алтынсарин туралы тың деректер

Істің болар қайырлы, Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап, Мал — дәулеттің байлығы Бір жұтасаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы Күннен күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар. ******* Әлпештеген ата-ана, Қартаятын күн болар, Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар, Атамаған жүреді, Ата-анаң қартайса — Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса — Сүйеу болар бұл оқу. Бұл бүкіл Қазақ даласын ...

Толығырақ »

«Мен өлгеннен кейін күтіңдер, балалар…»

  (Әліби Жангелдин туралы естелік) Атақты Қобланды батырдың Тоқтар атты баласынан туған бестаңбалы Қыпшақ – Бұлтың, Көлденең, Торы, Ұзын, Қарабалықтың анасы айтыпты деген мынадай аңыз бар: Бұлтың бітті бойыма – бейшаралық кірді ойыма. Көлденең бітті бойыма – ұрлық кірді ойыма. Торы бітті бойыма – зорлық кірді ойыма. Ұзын бітті бойыма – билік кірді ойыма. Қарабалық бітті бойыма – байсалдылық кірді ...

Толығырақ »

Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ: Жайсаңбек салған жол жалғаса береді…

Сабыржан Шүкірұлы 1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысының Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Қаламгерлік еңбек жолын осы облыстың Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» (бүгінгі «Біздің Торғай») газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Комсомол, партия қызметтерінде болған. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1974-1991 жылдары «Социалистік Қазақстан» (бүгінгі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы ...

Толығырақ »

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»

  Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен ...

Толығырақ »

Мұхтар Әуезов – ыбырайтанушы

Ы.Алтынсарин жайында көп жазылғаны, еңбектерiнiң егжей-тегжейлi зерттелгенi рас. Алайда көп жайт Кеңес дәуірінің саясатына орай бұрмаланып көрсетілді. Ол үшін кітап, мақала авторларына кінә артып айыптай қарағаннан гөрі түсіністікпен байыптай қараған жөн сияқты. Өйткені олар солай жазуға мәжбүр болды, заманы соны талап етті. Мәселен, Ә.Дербiсалиннiң «Ыбырай Алтынсарин» деген зерттеу еңбегiнде: «1923 жылы «Шолпан» журналында (№ 6, 7, 8) жарияланған «М» дегеннiң ...

Толығырақ »