Қостанай облысында 51 көпбалалы анаға пәтер берілді

Қостанай қаласындағы «Юбилейный» ықшамауданында көпбалалы аналарға тұрғын үйдің кілттері тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл тұрғын үй қоныстанушыларға «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілді. Қоныс тойын тойлаушылардың қуанышына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ортақтасты.

«Елбасы бастамашы болған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 51 көпбалалы анаға жаңа пәтер кілтін тапсырдық. Бұған қоса аз қамтылған отбасылар да пәтерге ие болады. Жалпы үйдің құрылысына 904 млн теңге жұмсалды, үйде 144 пәтер бар. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 370 мың шаршы метр тұрғын үй тапсыруды жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.

Пәтер иелері мемлекеттік бағдарламаның шарты тиімді екенін айтады. Жылдық 2 пайызбен 20 жылға дейін беріледі, бастапқы жарнасы 20 пайызды құрайды.

«Бүгін «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойыша 3 бөлмелі пәтерге ие болдым. Баспанаға ие болу үшін 2017 жылдан бастап «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінен депозит ашып, қаражат жинай бастадым. Бастапқы жарнасы тиімді, мен 15 жылға алып отырмын. Айлық төлем 50 мың теңгеден келеді», – дейді жаңа пәтер иегері Әлия Едіресова.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай қаласының әкімі де коронавирусқа шалдықты

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те COVID-19 індетіне шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *