16.03.2020

Облыста азық-түлік тапшылығы жоқ — Архимед Мұхамбетов

Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бірқатар әлеуметтік нысанын аралады. Аймақ басшысы бұл туралы instagram парақшасында жазған. Облыс басшысы ұн шығаратын «Асалия» серіктестігіне барып, жұмыс барысымен танысты. Бұл кәсіпорында астықты өңдеудің өндірістік қуаты тәулігіне 600 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 4.5 мың тонна астық қоры бар. Архимед Мұхамбетов ұн шикізатын белсенді сатып алуға және қажетті қорларды сақтауға шақырды. «Апельсин», «Солнечный» және «Rauzet» гипермаркеттерінде болдым. ...

Толығырақ »

Жалған ақпарат: Тобыл қаласындағы аурухана жабылған жоқ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Тобыл қаласындағы аурухананың жабылуы туралы ақпаратты теріске шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желілерде Тобыл қаласындағы (бұрынғы Затобол – автор) орталық аурухананың коронавирусқа байланысты уақытша жабылғаны туралы бейнежазба тараған. Алайда ресми орган мұны жоққа шығарды. «Біздің облыста коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Орталық аурухана жоспарлы түрде жұмыс істеп тұр. Жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабы бойынша ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 167 ауылда мектеп жоқ

Қостанай облысында 167 ауылда білім беру мекемесі жоқ. Бұл ақпаратты өңірлік коммуникация қызметінде облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыста мектепке дейінгі ұйымдарда 17 мың бала кезекте тұр. Негізі, өңірде мектепке дейінгі жүйені дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары әзірленген-ді. Оған сәйкес 50 балабақша кезең-кезеңімен жаңғыртудан өтеді. Бұл жыл сайын 5 мыңға ...

Толығырақ »

Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеген

Қостанай облысында азық-түлік қоры 64,2 тоннаға жетті. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыста негізгі азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Өңірде арнайы құрылған тұрақтандыру қоры тұрғындарды бірнеше ай бойы азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы. «Облыстағы азық-түлік қоры 64,2 тоннаға жетті. Ұн, ...

Толығырақ »

Қостанай облысына оңтүстік өңірден мыңға жуық адам көшіп келді

Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аида Құсайынованың айтуынша, былтыр бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2 682 адам оқытуға жіберілген. Олар облыстағы 33 білім беру ұйымында және 3 оқу орталығында 35 мамандық бойынша дәріс алды. Оқып шыққан ...

Толығырақ »

«140 теңгеге дейін арттыруды сұрадық»: Қостанайда жолақы тарифі қымбаттай ма?

Қостанайлық жолаушылар тасымалдаушы компанияларының басшылары жолақы құнын өсіруді сұрап, әкімдікке өтініш жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қостанайдағы қалалішілік автобустарда жол жүру құнын көтеру мәселесі соңғы жылдары жиі көтеріліп жүр. Тасымалдаушы кәсіпорындар тарифтің төмендігінен зардап шегіп отырғандығын айтып, шағымданудан жалығар емес. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында бұл мәселе тағы алдан шықты. «2015 жылы Инвестициялар ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Тобыл-Торғай жұртына үндеу жолдады

Құрметті қостанайлықтар!      Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  жаңа COVID-19 коронавирус пандемиясын жариялауына байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан  Республикасында төтенше  жағдайды енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай Қазақстан  Республикасының бүкіл аймағында 2020 жылғы   16 наурыз     08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуір  07 сағат 00 минутке дейін енгізіледі. ...

Толығырақ »