Қостанайда 40 көше жөнделеді

Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының жолдарының жағдайымен танысты. Аймақ басшысы бұл туралы «Инстаграм» парақшасында жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, 2020 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға және аула аумақтарын абаттандыруға 6,3 млрд теңге жұмсалады.

«Барлығы 40 көше жөндеуден өтеді, бұл 40,6 шақырым. Сондай-ақ 34 шақырым жолға жаңа асфальтбетон салу жоспарлануда. Қостанай қаласының басшылығына мердігерлік ұйымдар жүргізген жол төсемдерін жөндеу бойынша жұмыстарды бақылауда ұстауды және жұмыстарды жүргізу мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуді тапсырдым» деп жазды өңір басшысы.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде белгілі болғандай, бұған дейін 10 көше орташа әдіспен қайта жөнделді. Олардың арасында Набережный, Карбышев, Алтынсарин және Энергетиктер сияқты бірнеше жыл қалыпқа келмеген көшелер бар. Лермонтов көшесінен Баймағамбетов-Алтынсарин көшелеріне шығар жол ресайклинг әдісімен жөнделді.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеген

Қостанай облысында азық-түлік қоры 64,2 тоннаға жетті. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында облыстық Ауыл шаруашылығы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *