Облыста азық-түлік тапшылығы жоқ — Архимед Мұхамбетов

Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бірқатар әлеуметтік нысанын аралады. Аймақ басшысы бұл туралы instagram парақшасында жазған.

Облыс басшысы ұн шығаратын «Асалия» серіктестігіне барып, жұмыс барысымен танысты. Бұл кәсіпорында астықты өңдеудің өндірістік қуаты тәулігіне 600 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 4.5 мың тонна астық қоры бар. Архимед Мұхамбетов ұн шикізатын белсенді сатып алуға және қажетті қорларды сақтауға шақырды.

«Апельсин», «Солнечный» және «Rauzet» гипермаркеттерінде болдым. Сауда сөрелерін қарап, тауарлардың бағасын тексердім. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тапшылығы жоқ. Бұдан әрі 59 дәріханаға барып, ол жерде дәріхана басшыларымен кездесу өткіздім. Апта соңында облыста медициналық маскалар түсімі болады. Сонымен қатар дәріхана директорларына бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмек қоры болуын ұсындым» деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ облыс әкімі «Большевичка» өндірістік кооперативінің тігін өндірісіне барып, бірқатар тапсырма берді.

Тігін фабрикасы 10 мыңға дейін медициналық маскалар тігуге қауқарлы. Маскалар дәріханалық желілер арқылы халыққа жетеді. Бұған қоса емдеу мекемелеріне қажетті қорғаныс медициналық костюмдерін тігуге сұраныс түскен. Фабрика басшылығы 4 мың медициналық костюмді 1 апта ішінде тігуге дайын екенін жеткізді.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай қаласының әкімі де коронавирусқа шалдықты

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те COVID-19 індетіне шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *