Monthly Archives: мамыр 2020

«Жұмыспен қамтудың жол картасы көмекке келеді…»: Қостанай облысында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру басталды

Қостанай облысында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру жұмысы басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың айтуынша, биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 99 жоба жоспарға қойылған. «Жалпы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 275 ауқымды жобаны орындау көзделген. Оның ішінде әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, елді мекендерді абаттандыру салаларына екпін ...

Толығырақ »

Владислав Челах жатқан «Қара бүркіт» түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы «Қара бүркіт» түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 11 ер адам мен 8 әйел адамнан СOVID-19 анықталғаны белгілі болды. Олардың барлығы УК-161/3 мекемесінің 21-54 жас аралығындағы қызметкерлері. Олардың осыған дейін науқастармен байланыста болғаны анықталды. Қазіргі уақытта науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жеткізіліп, ем алып жатыр. Айта кетейік, «Қара бүркіт» түрмесі  Жітірақадан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде ...

Толығырақ »

Қостанайда трактор мінген ер адам адасып кеткен

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері далада адасып кеткен 42 жастағы ер адамды құтқарды деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досановқа сілтеме жасап. У.Досановтың айтуынша, «112» нөміріне әйел адам хабарласып, күйеуінің тракторымен үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Іздеу шараларына өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағының қызметкерлері мен Қостанай ауданының ТЖ бөлімінің құтқарушылары, сондай-ақ, полицейлер жұмылдырылды. «42 жастағы ер адам Қостанай ауданының ...

Толығырақ »

«Нұрлы жер»: Қостанай облысында 3900 тұрғын үй салынады

Қостанай облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 379 мың шаршы метр немесе 3900 тұрғын үй салу міндеті тұр деп хабарлады baq.kz. Биылғы І тоқсанда салаға 10,7 млрд теңге инвестиция бағытталған. Бұл —  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп қаражат. Осы кезеңде  жалпы ауданы 85 мың шаршы метр болатын 867 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде – 171 жеке үй. Жалпы биыл ...

Толығырақ »

«Қостанайдың жолдары ұрыс даласына ұқсайды…»

Қостанайлық белсенді тұрғылықты жерінің көшелерінің қазіргі ахуалын әжуалайтын қысқаметражды көркем фильм түсірді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  Ол фильм барысында бейбіт күнде бұзылған шұрық-тесік жолдарды назарға алған. Сол арқылы Қостанай көшелерін ұрыс даласына ұқсатып отыр. Автордың ойынша, фильмге түсірген көшелерде көліктен гөрі жаяу жүрген тиімдірек. «Ұлы Отан соғысындағы жеңістен бері 75 жыл өтті. Әйтсе де, Қостанайдың жолдары әлі күнге дейін ұрыс даласына ...

Толығырақ »

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болады

Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz  «Казгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап.  17 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. 17 мамырда Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов коронавирустан қорғанудың негізгі 5 ережесін еске салды

Бүгін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Жедел штабтың отырысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов індеттен қорғанудың ережелерін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тұрғындарға тағы да мәлімдеме жасағым келеді. Қазір карантин шектеулерін жеңілдетіп жатырмыз. Бірақ вирустан қорғанудың бес «алтын» ережесі әлі күшінде. Бұл туралы дәрігерлер де үнемі айтып келеді. Біріншісі – қашықтықты сақтау. Қасыңдағы адамнан кем дегенде 2 метр қашықта жүру, ...

Толығырақ »

Үш елді мекенге табиғи газ тартылады

Қостанай облысында шалғай елді мекендерге ауыз су жеткізу, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Оның ішінде ауылдарды газдандыру бағытындағы бастамалар нәтижесі қуантады. Соңғы төрт жыл көлемінде жүргізілген газдандыру жұмыстарының арқасында 179390 шаңыраққа көгілдір отын жеткен. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалы арасында «Газ тарату жүйелерін тарту, техникалық жабдықтау» меморандумы жасалған. Келіссөз шеңберінде 2016-2020 ...

Толығырақ »

«Birgemiz»: Қостанай облысы Мақтааралға гуманитарлық көмек жөнелтті

«Birgemiz» акциясы аясында қостанайлықтар Түркістан облысының Мақтаарал ауданына 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шараны Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған. Гуманитарлық көмекке жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қаржы бөлген. Бүгін партия белсенділері мен волонтерлер жүк көліктеріне азық-түлік тиеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, гуманитарлық көмек Түркістан облысына үш күн ішінде жетеді. «Апат айтып келмейтіні рас. Түркістан облысының Мақтаарал ауданының ...

Толығырақ »

Өңір диқандары егіс жұмыстарын бастап кетті

Қостанайлық диқандар көктемгі егіс жұмыстарына кірісті деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап. Биыл өңірде тұқым бағасы бір жарым есе қымбаттаған. Бұған қоса, пандемия салдарынан шекара жабылғасын қосалқы бөлшек сатып алу да қиынға түскен. Осындай қиын жағдайда шаруаларды қолдау үшін Қазақстан Үкіметі тек осы өңірге көктемгі егіске деп 21 млрд теңге бөлді. Нәтижесінде, осы жылы ...

Толығырақ »