Пандемия және праймериз

«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болайын деп отыр. Жер жаһанды жайлаған індеттің кесірінен елімізде де төтенше жағдай жарияланып, қоғамдық-саяси өмірге күтпеген өзгерістер алып келді. Осы орайда басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғаны анық.

Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында қомақты қаражат жиналып, әлеуметтік әлсіз топтар мен медицина қызметкерлеріне көлемді көмек көрсетілді. Бұл жетекші партия тарапынан халықтың әл-ауқатын бағамдайтын тұрақты мониторинг жасалынып отырғандығын көрсетеді.

Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі қашанда алдыңғы орында болуы керек. Пандемия жағдайында жаңа технологиялар сайлау процестеріне де еніп отыр. Бұл орайда Nur Otan партиясы праймеризді онлайн өткізуді уақытылы ойластырып, іріктеудің әділ өтуіне жағдай жасау мақсатында заман талабына сай соңғы технологияларға үміт артатын болады.

Сондай-ақ алда болатын сайлаудың тағы бір ерекшелігі, жуырда қабылданған жаңа заңға сәйкес сайлауға түсетін үміткерлер арасында жастар мен әйелдер квотасының сақталуын қарастыру. Яғни, партия тізімімен түсетін кандидаттар арасында әйелдер мен жастардың үлесі 30% болуы шарт. Олай болса, алда депутаттар арасынан заманауи креативті жастар мен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді көтеретін әйелдер көптеп шығады деген сенімдеміз.

Праймериз тәсілі негізінде партияның жаңа тұлғалары мен көшбасшыларын іріктеуде қалыптасқан «ойын тәртібін» өзгертіп, саяси додаға қатысатын тараптардың қызу таласын жаңа сатыға көтеретіні анық.

 

Гүлім ЫСМАҒҰЛ, Мәслихат депутаты 

Қостанай облысы 

Жанкелдин ауданы 

 

 

 

Мынаны да қараңыз

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-9

Дәулеттібике Осыдан бұрын көптеген ғасырлар мен жылдар өтіп елде тоқтық, уайым-қайғысыз күндері өтіп жатты. Елдің ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *