Қостанай облысының әкімі COVID-19-дан жазылып шықты

Бұл туралы облыс әкімі инстаграмдағы парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  

«Құрметті қостанайлықтар!

Менің COVID-19-ға тапсырған сынағым теріс нәтиже көрсетті және бүгіннен бастап жұмысқа кірістім.

Өңір тұрғындарын облыс аумағында енгізілген шектеу шараларын сақтауға шақырамын» деді Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ әкім барлық дәрігерлерге қиын жағдайда жұмыс істегендері үшін алғыс айтып, барша жұртқа зор денсаулық және амандық тіледі.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...