Бейімбет Майлин ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды. Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін экономика және құқық мамандықтары бойынша бітірген. Бұрын Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бейімбет Майлин ауданының басшысы қызметін атқарған  Қуандық Испергенов Рудный қаласының әкімі болып тағайындалған  болатын.

 

Мынаны да қараңыз

Рудныйда салмағы 6 келі болатын сәби дүниеге келді

Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді деп хабарлайды «Алау». Сәби 1 қазанда Рудный қалалық ...