Жітіқара ауданы аумағында санитарлық бекет қойылды

Бүгін Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды.

Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады.

Сондай-ақ бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған.

Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетов эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту, оның ішінде санитарлық және блокпостарды қайтадан қою мәселесі қарастырылатынын айтқан болатын.

Мынаны да қараңыз

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *