Марат Жұрқабаев Ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкімімен Марат Кенжебекұлы Жұрқабаев «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

1998 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын, 2007 жылы Қостанай әлеуметтік техникалық университетін тәмамдаған.

Қостанай мен Лисаков қалалары әкімдерінің орынбасары, Білім басқармасы басшысының орынбасары, Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің директоры лауазымдарында жұмыс істеген.

Бүгінгі күнге дейін Қостанай облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында «Қайрақ» өткізу пункті арқылы әскери киім-кешектерді заңсыз әкетуге тырысқандар ұсталды

Қостанай  облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мен ҰҚК Шекара қызметі бірлесіп «Газель» маркалы көлігін тоқтатады. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *