Қостанайда карантин талаптарын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

Қостанай облысының тұрғындарына карантин режимін сақтамағаны үшін 34 млн теңгеге жуық айыппұл салынды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Қостанай облысында карантин талаптарының жеңілдетілгеніне қарамастан мониторинг топтарының жұмысы жалғасып жатыр.

«Жыл басынан Қостанай облысының мониторинг топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың бес жүзден астам оқиғасын анықтады. Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені құрады. Оның 6 219 876 теңгесі 130 жеке тұлғаға жаппай іс-шаралар өткізгені, қоғамдық орындарда бетперде кимегені үшін салынды. Өңірдің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин режимі кезінде белгіленген талаптарды орындамаған азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы да ескертеді», — делінген Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратында.

 

фото: Pixabay.com

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *