Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды

Жұмыс сапары аясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданына барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші кезекте ол «Қайрақ» шекаралық бақылау жұмысын қарап шықты. Өткізу қуаты тәулігіне 7000 адамға дейін және 3000 көлік құралын құрайды.

Пандемияға байланысты өткізу жүйесіне жүктеме азайды. Қазір өткізу қуаты тәулігіне 1500 адам мен көлік құралына дейін төмендеді.

Бекетте барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталады.
Бұдан кейін облыс әкімі Қарабалық кентінде 320 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектеп құрылысының барысымен танысты.

Қазіргі уақытта топырақты шығару және инертті материалды әкелу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мектеп құрылысы үшін 1,123 млрд.теңге бөлінді. 2022 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланған.
Кейін «Poultry-Agro»ЖШС құс фабрикасының мал сою цехына барды. Кәсіпорында 260 адам еңбек етеді. Сонымен қатар Гурьяновское ауылындағы «Poultry-Agro» ЖШС құс фабрикасының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта ғимараттарды жөндеу, технологиялық жабдықтарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Құс фабрикасында қуаттылығы жылына 12,5 мың тонна бройлер етін жаңғырту жүргізілуде, ол біртіндеп жылына

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданының әкімі Руслан Халықовқа ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *