Қостанайда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталықтың жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Ауданы 2 мың шаршы метрден асатын ғимаратқа күрделі жөндеу қажет.

«Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін «Қамқорлық» бастамасы аясында аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылады. Сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір» бастамасы аясында инклюзивті қоғамды дамытуға және зейнеткерлерді қолдаудың жүйелі шаралары мен оларды қоғамға тартуға бағытталған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады. Бұл бастамалар – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы», – деді А.Мұхамбетов.

Облыс әкімі «Аэропорт» шағын ауданындағы №19-20-21 жалға берілетін үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бұл үйлер пайдалануға берілгеннен кейін халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар 108 пәтер алады деп жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта қазаншұңқырды әзірлеу аяқталды, жылумен жабдықтау және кәріз желілері демонтаждалды. Нысандарда жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Нысанды 2022 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланған», – деп жазды облыс әкімі.

 

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *