Қостанайда «Беларус» тракторлары өндіріледі

Қостанай облысына Беларус Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі П.В.Утюпин және «Минск трактор зауыты» ААҚ бас директоры В.М.Вовк бастаған Беларусь Республикасынан делегациясы келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram-парақшасында жазды.

Әкімнің мәлімдеуінше, Минск трактор зауытымен ынтымақтастықта «Композит Групп Казахстан» ЖШС алаңдарында «Беларус» тракторлары өндіріледі.

Бұл ретте «Беларус» маркалы тракторларға арналған компоненттер өндірісін жолға қою жолымен өндірісті оқшаулау деңгейін арттыруға қатысты келіссөздер белсенді жүргізіліп жатыр.

«Сапар барысында қонақтар «АгромашхолдингKZ» АҚ базасындағы оқшаулау орталығымен танысты, онда машина жасау саласындағы өндірісті одан әрі оқшаулау мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және машина жасау саласындағы өндірісті оқшаулауды ұлғайту жөніндегі алдағы жоспарлар талқыланды», — деді Архимед Мұхамбетов.

Оның айтуынша, іс-шараның нәтижесінде ынтымақтастықтың ортақ мақсаттары мен міндеттеріне бірлесіп қол жеткізу үшін серіктестерімізге жан-жақты көмек көрсетіледі деп сендірді.

«Біздің қонақтар ертең бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр, соның ішінде Қостанай қаласының оқу орындарымен танысу. Студенттерге білім беру және оқыту үшін жағдай жасау — машина жасауды дамытудың ажырамас бөлігі», — деп жазды облыс әкімі.

 

фото: abw.by

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *