Қостанайдың қақ ортасында әйел адамды өлтіріп кетті

Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде адам өлімі болды, күдікті ұсталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін 19:00-де полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне күдікті Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство.

Қылмыс Баймағамбетов көшесінде жасалған. ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себептері тексеріліп жатыр.

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанайда жеті жасар қыз бала үйінде өртеніп кетті

Қостанай қаласында алты пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды. Ал ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *