Торғайдың Толағайы дүниеден өтті

 
Пауэрлифтингтен бірнеше мәрте республика чемпионы, ардагер ұстаз Мәлік Баймағанбетов жетпістен асқан шағында ауыр науқастан көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ЭК басылымына сілтеме жасап.

Спортшының есімі Солтүстік өңірде кеңінен танымал. Ол 1977 жылы Павлодарда өткен Қазақ ССР Студент жастарының чемпионатында қоссайыс нәтижесінде 177,5 келі салмақты бағындырып, 52 келі салмақ дәрежесінде облыс рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған. Араға ұзақ уақыт үзіліс салған атлет 2014 жылы пауерлифтингтен Семей қаласында өткен республикалық біріншілікте топ жарып, чемпион болды. 2019 жылы Алматы облысының Текелі қаласында пауерлифтингтен өткен республикалық жарыста, 60-70 жастағы ардагерлер арасындағы үшсайыста жеңіс тұғырына көтеріліп, халықаралық сайысқа жолдама алған еді. Дүбірлі дода пандемияға байланысты кейінге шегерілген.

Мәлік Баймағанбетов Торғай өңірінде пауэрлифтингтің дамуына елеулі үлес қосты. Спорттың осы түріне арнап әдістемелік кітап жазды.

Зілтемірші өмірінің соңғы жылдарын ұстаздыққа арнап, түрлі дәрежедегі отызға тарта спортшыны тәрбиелеп шығарды. Шәкірттері республика көлемінде топ жарып, жетістіктерге жетіп жүр.

Абылай МАУДАНОВ

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Маркетплейстер контрафактінің таралу орнына айналып барады

Әділет органдарының қызметіндегі бағыттардың бірі – зияткерлік меншік құқығын сақтау мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты ...