Қазақ жазуы: бүгіні мен ертеңі

2021 жылғы 30 қыркүйекте Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасы, «Саналы ұрпақ-2050» қоғамдық бірлестігі және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұйымдастыруымен «Қазақ жазуы: бүгіні мен ертеңі» атты облыстық семинар өтті. Семинарға жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары мен тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен білім бөлімдерінің қазақ тілінің әдіскерлері қатысты. Семинарды Қостанай облыстық Тіл басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова ханым ашып, семинар жұмысы екі секция бойынша жүргізілді.
Қостанай облыстық «Тіл-Дарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері Айнұр Нұрбекова «Қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасымен» таныстырды.
Өз тарапымнан ұйымдастырушыларға алғыс айта отырып, пікірімді білдірдім. Былай деп баяндама жасадым:
«Өзімді таныстырудан бастасам. Есімім Амандық, тегім Әмірхамзин. Қостанай облысы Көкалат ауылының тумасымын. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын.
Қазіргі күні өңірімізге қатысты үш шаруамен айналысып жүрмін.
Бірінші, ол, 2017 жылдар бері Қостанай облысының оңтүстік аудандарының туризмін дамыту үшін «Тылсым Торғай» атты жобаны қолға алдық. Бұл біздің әулеттік ісіміз десек те болады.
Екінші, 2016 жылы Қостанай облысындағы алғашқы тәуелсіз қазақ тілді басылымдардың бірі – «Тобыл-Торғай.кз» сайтын жүргіміз. Оны идеялас жігіттермен бірге бастадық, қазір қоғамда өзіндік орны бар баспасөз құралына айнала білдік. Мен аталған басылымның атқарушы директорымын.
Үшінші, биылғы жылы отбасылық Жартоғай этноауылын аштық. Бұл Қостанай облысындағы ішкі туризм саладағы осындай алғашқы жобаның бірі, алдағы уақытта оны жетілдіре түсеміз деген үмітіміз бар.
Айтқандай, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясымен бірге Қазақ радиосында шығатын «Сапарлайк» атты авторлық бағдарламаның жүргізушісімін. Және, Қазақстандағы белгілі тревел-блогерлердің бірімен десем артық айтқандық емес. Қазақстанның екі облысынан өзге барлық аймақтарын аралап шықтым десем болады, және ол туралы Ювижндағы жеке блогымда екі тілде жазамын. Сондай-ақ, шетелдің он шақты елінде болдым. Бір қызығы өзге елдерге саяхаттарымның бәрін Наурыз мерекесі кезінде жасаймын, өйткені Наурыз мейрамы уақытында 5 күн демаламыз.
Қазіргі уақытта, әлеуметтік желіні де тиімді пайдалануды үйрендік. Қостанай облысы бойынша қазақ тілді белгілі блогермін десем тағы да мақтанғандай боламын, бірақ, қазір пиардың заманы екені рас.
Және, соңғысы, жалпы, қоғамдағы өзгерістер, әсіресе, латын қарпі мен ана тіліміздің жайы Сіздер сияқты мені де бей-жай қалдырмайды.
Тақырыпқа оралсақ.
Әуелі, латын қарпінен бастайық. Үйіңізде не жұмыста көпшілігіңіздің компьютеріңіз не портативтік компьютеріңіз бары екені белгілі, енді, оның пернетақтасына, яғни клавиатурасына қарасаңыз нені байқар едіңіз? Әрине, ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ сияқты қазақ әріптерінің тыныс белгілерінің орнында орналасқанын көреміз. Бұл дегеніңіз Сіз мәселен, әріптерді теру уақытында артық шығын жұмсайсыз, әрбір рет, тыныс белгілерін басу үшін өтесіз және қосымша уақыт кетеді.
Міне, латын қарпіне өту арқылы біз 42 әріптің орнына 31 ғана әріпті, яғни тілдік ерекшеліктерімізге тән әріптерді ғана пайдаланар едік. Үндестік заңына сай өзге тілдің ырқымен емес, өз ана тіліміздің айтылуы мен жазылуын тиімді пайдаланар едік.
Жалпы, латын қарпі туралы айтқанда оның тарихын әріден бастасақ. Біз бір ғасыр ішінде төл қарпімізді үш рет ауыстырған халықпыз. Әрине, армян, грузин, қытай, корей, жапон халықтары сияқты өз бастапқы жазуымызды, яғни руникалық жазуымызды пайдаланған жөн еді. Дегенмен, бір, түркі-мұсылман әлемінің бір бөлшегі ретінде араб қарпін пайдаланып келдік, Ахаң – Ахмет Байтұрсынұлы оны жетілдіріп, төте жазуды енгізді. Солай қалғанда жөн болар еді, амал нешік, 1926 жылы Бақы, яғни Баку қаласында өткен Түркішілдердің құрылтайында төте жазуымызды қалдыруды сұрағанмен, Кеңес Үкіметі түркі халықтарын ажырату үшін әуелі алдарқату ретінде латын қарпын, кейін, өткен ғасырдың 40 жылдары кирилл қарпін енгізді. Оның зардабын әлі тартып келеміз. Мәселен, тілі мен мәдениеті жақын туыс халықтар ауызекі тілде бір-бірін еркін түсінгенмен, жазуға келгенде ұқпай қалатын жағдайға жетті. Бұл нені білдіреді?
Ол, біз егер, замана ағымына байланысты мысалы, латын қаріпті батыс елдерінің озық технологияларын үйренеміз десек латын қарпіне көшуіміз керек.
Екіншіден, түркі халықтарының ықпалдасуында маңызды рөл атқарар еді.
Үшінші, жастардың, әсіресе ғылым мен техника тілі ағылшын тіліне деген ынтасы артар еді.
Қазіргі күні мәселен,Түркияан өзге, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Өзбекстан, тіпті автономиядағы гагауздар мен қырым татарларының өздері латын қарпіне көшіп алды. Ресей құрамындағы татар ағайындардың өзі 90 жылдары қарпін өзгертіп еді, алайда, олар өзге ел құрамында болған соң, былайша айтқанда таз қалпына түсті. Ал, тәуелсіз Қазақстан мен Қырғызстанның әлі күнге латын қарпіне өтпеуі әрине ойлантарлық жайт. Біз латын қарпын тезірек қабылдасақ, соғұрлым баспа, телевидение, жазу, мектеп жайын ыңғайлап аламыз. Әйтпесе, сағыздай соза беруден адамдар да шаршай бастағандай…
Возможно, это изображение (2 человека, в том числе Amandyq Amirkhamzin и люди стоят)
Және, латын қарпіне қарсы шығушылар тіпті қазақша сөйлей де жаза да білмейтін кісілер. Айналып келгенде, біз үлкен жолайрықта тұрмыз, елдің дамуы, ұлттың болашағы қаріпке де байланысты болып тұр.
Келесі тақырыбымыз әбден айтыла айтыла жауырға айналған тіл мәселесі болып тұр.
Оны екі жағынан да қарауға болады. Әрине, өз басым позитивті жағын көруге тырысамын.
Мәселен, биыл, бас қала іргесіндегі Қосшы қаласында бірінші сыныпқа барған балалардың «Ы» сыныбы болған. Ол дегеніңіз бәз біреулер айтып жүргендей қазақтар балаларын орыс мектебінеберіп жатыр екен-мыс деген жалған ақпаратты теріске шығарады. Шындығына келгенде, мектепке барған қазақ балаларының 94 проценті қазақ сыныптарында оқиды, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 80 проценті қазақ факультеттері, мектепте оқитын балалардың 80 процентке жуығы қазақ сыныптарында оқиды. Бұл үрдіс жалғаса береді деген сөз, яғни, алдағы он жылда мәселен, жаңағы 94 процент қазақ сыныбы оқушылар «көп қорқытады, терең батырады» тезисін дәлелдей түспекші.
Жалпы, мемлекеттік тіл дегенде біз оның қатынас құралы ретіндегі маңызын арттыруымыз керек. Алайда, 50-60 жасар егде адамдардың қазақша білмейтін көре тұрып, талап етуіміз қаншалықты дұрыс. Әрине, қызмет көрсету саласындағылардың мемлекеттік тілді білуі шарт, дегенмен, бұл жерде заң аясында жұмыс істеуіміз керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын, қызмет көрсету саласындағы мамандықтардың тізімі жасалып, олардың қазақ тілін білуі міндеттелмекші болған, алайда, ол сиырқұйымшақтанып кетті, дегенмен, заң бәріне ортақ.
Ал, кітап жоқ, оқытушы жоқ, контент жоқ деген бос әңгіме, бастысы ниетке байланысты, дегенмен, ана тіліміздің беделін көтеру маңызды, және қазақ тілді ортаның мол болуы да керек.
Өз басым ана тіліміздің болашағына кәміл сенемін және жастардың бір емес бірнеше тіл білуін артықшылық деп санаймын, әрине, қай заман болсын, жастарды кінәлайды, дегенмен, қазіргі жастарға өте разымын. Бір жағынан олар тәуелсіз мемлекетіміздің ұландары болғандықтан, еркін, ойларын ашық айтады және тәрбиелі, бірнеше тіл біледі. Бұл ретте, қазақ жастарының екі-үш тіл білетіндігі тамаша құбылыс. Осы ретте, Қазақстандағы 1 миллионға тақау түркі тілдес халықтардың ана тілімізде сөйлейтіні жақсы, бұл үшін мысалы, мен орыс тілін таңдамаймын, ана тілімде сөйлей беремін. Жақында, Түркістан облысынан бас қалаға поезбен келдім. Сонда, тәжік, татар, өзбек және мен біз-бірімізден қазақша сөйлестік, яғни, біздің қатынас тіліміз қазақ тілі екен.
Бастысы, анау жаман, мынау жаман демей, әр істі өзімізден бастайық. Мысалы, үйде тек қазақша сөйлеңіз, іні-қарындастарыңызға үлгі болыңыз, телефонда қазақша мәзір таңдаңыз, дүкенде мысалы, әуелі сөз арасында сатушыны нан, сүт, су деген сөздерге үйрете беріңіз, кейін жиі қолданыңыз, қысқаша айтқанда әдістері көп!
Ана тіліміздің болашағы тек өз қолымызда!».
Возможно, это изображение (14 человек, в том числе Amandyq Amirkhamzin и Карлыгаш Нурмухаметова и люди стоят)
Материал авторы — Амандық Қорғанұлы

Мынаны да қараңыз

МЕН – ЖАУЫНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫМЫН

  Биыл екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске жеткенімізге 75 жыл болды. Бірақ ол Жеңісті миллиондаған құрбандармен ...