Таспа

Қостанайда орман өртінен зардап шеккендер қанша теңге өтемақы алады

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы өрттен кейін баспанасыз қалған тұрғындар қанша өтемақы алатынын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Мүлкі (шаруашылық құрылыстары, ауыл шаруашылығы техникасы) өрт салдарынан зардап шеккендерге мүліктің бүлінгені үшін өтемақы бағалау құнымен ішінара төленеді, — делінген Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Оқи отырыңыз: Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды

Сондай-ақ, Премьер-министрдің айтуынша, Қостанай облысының зардап шеккен тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету аясында – әлеуметтік төлем алушы 23 мың адамға кестеден тыс жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге зейнетақы мен жәрдемақы, 2 714 аз қамтылған отбасына 150,9 млн теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Зардап шеккендердің ішінде 91 отбасына жергілікті бюджеттен 50 айлық есептік көрсеткіш (әрбір отбасына) мөлшерінде біржолғы көмек тағайындалды.

Фото: Reuters

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...