Қостанайда автобус жол жұмысшысын қағып кетті

Қостанай қаласында коммуналдық қызмет жұмысшысын автобус қағып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты Қостанай облыстық Полиция департаменті растады.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 9 ақпан күні, яғни бүгін қаладағы аялдамалардың бірінің жанында болған. №38 бағыттағы қоғамдық көлік жол жиегінде жұмыс істеп жүрген 1965 жылы туған әйелді қағып кетті.

Әйел жарақат пунктіне жеткізілді. Дәрігерлер оған амбулаториялық ем тағайындады, — деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...