Қостанайда бұралқы иттер студент қызды талай жаздаған

Қостанайда бұралқы иттер жас қызға тап берді, деп хабарлады Алау порталы.

Мен үйреншікті жолмен оқуға бара жатқанмын. Бұл иттерді бұрын да көрдім, бірақ олар маған тиіспейтін. Бұл жолы не көрінгенін, не себепті ашуланғанын білмеймін. Алдымен біреуі жүгіріп келіп, үре бастады, содан кейін екіншісі келді, — дейді Даяна Брыкова.

Оның айтуынша, Тұрмыстық сервис колледжінің маңы, Абай көшесінің бойындағы жерге әдетте 10 шақты бұралқы ит жиналады. Бірақ сол күні онда 2 ит қана болып, жас қызды жүргізбей қойған.

Менің орнымда әжем немесе кішкентай бала болуы мүмкін. Бұл иттерді бұл маңнан кетіргенді қалаймын, өйткені жүру қорқынышты. Мен шошып кеттім. Қатты қорықтым. Олар менің күртешемді жыртып тастады. Үстіме ұзын күртеше киіп, жолым болды. Әйтпесе олар аяғымды қауып алар еді, — деді студент.

Бойжеткен қалай қашарын білмей, амалсыздан өтіп бара жатқан адамдарды көмекке шақырған, бірақ қасына ешкім бармаған. Кейін сол маңайдан өтіп бара жатқан жүргізушілер иттерді көлік дабылдарымен үркіткен.

Жалпы, биыл Қостанай облысында бұралқы иттерді аулау, уақытша ұстау, зарарсыздандыру және чиптеу жұмыстарына 86 миллион теңге бөлінген. Бірақ ветеринария басқармасындағылар конкурстық процедуралар әлі аяқталмағанын мәлімдеді.

Ит аулаумен зооволонтерлер айналысады. Мұндай аса қауіпті жағдайда, яғни адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген кезде олар өтініш бойынша барып, қабаған иттерді аулап, оларды өз қаражаты есебінен күтіп-ұстайды, — дейді қалалық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Көшубенова.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...