Қостанайдағы әжелер ойын-сауық орталығы әкімшілігімен арадағы дау неден туындағанын айтты

Қостанайда  кимешек киген әжелерді ойын- сауық орталығы күзетшісі  іште ұлттық киіммен жүруге болмайтынын айтып, сыртқа қуған еді. Бұл жағдай көпшіліктің ашуына тиіп, тіпті  орталық басшысын, әкімшісін жауапқа тарту керек деген бастамаларға ұласып жатты. KYN.KZ  сайтына хабарласқан әжейлер өздерінің кім екенін, неге қуылғандарын баяндап берген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Оқи отырыңыз: Қостанайда ұлттық киім киген әжелерді ойын-сауық орталығынан қуып шыққан (ВИДЕО)

Біз Қостанайда  «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігін құрғанбыз. Онда сексен ана бар. Біздер Қазақстан бойынша ұйымға мүше болғысы келетіндерді қатарымызға қоса береміз. Рудныйда, Әулекөлде бөлімшелеріміз бар. «Март» сауда үйінде болған жағдайды баяндап берейін.

Ол жерге оннан асатын ана кимешек киіп, ұлттық киімде бардық. Күзетші бірден  ерекше көрінісімізге назар аударған болар, сыртқа шығуымызды талап етті. Біздер мұның ешкімге ешқандай қауіп төндірмейтінін түсіндіруге тырыстық. Кенет әжелер қазақша әндетті. Сол сәтте  әкімшілері қорықса керек, кәдімгідей бізден сыртқа шығуды талап етіп, күшейе бастады.

Әжелерге бірден өлең айтпаңыздар дедік өзіміз арамызда. Содан сыртқа шығып кеттік. «Март» сауда үйінің сыртында біраз жүрдік. Мақсатымыз көрісу, көктем мерекесі қарсаңында барлық жерде әжелер ұлттық киіммен жүрсін деген челлендж жасайық дегенбіз. Бар ойымыз сол. Содан соңы бүкіл елге тараған дау туындап кетті. Қазіргі кезде ойын-сауық орталығы басшысы бізден кешірім сұрады. 16 наурыз күні соның ішіндегі әдемі орынға шайға шақырды. Бізде өз тарапымыздан ымыраға келіп, қонаққа барамыз деп отырмыз, — дейді қоғамдық бірлестік мүшесі Гүлбану Сәрсенбаева.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...