Қостанай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды

Пирамида ұйымдастыру фактісін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

2021 жылы сотталушы «Antares» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты, – делінген хабарламада.

Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілді.

Сот сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Сот сотталушының 3 жас баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy

Мынаны да қараңыз

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған

Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ...