Қостанай облысының бас имамы тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уалиев тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Сондай-ақ Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен өткен жиында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметіне абырой тіледі.

Айта кетейікн, бұған дейінгі бас имам түнгі клуб жанында мас күйінде ұсталып, қызметінен босатылған еді.

Фото: ҚМДБ

Мынаны да қараңыз

Қостанайдағы KIA зауыты жылына 70 мыңға жуық автокөлік шығара алады

Президент KIA автомобиль зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы ...