Facebook адамның ойын анықтай алатын болады

Facebook адамның ойын анықтай алатын нейрокомпьютерлі технология құрастырып жатыр. Бұл туралы Марк Цукерберг сұрақ-жауап сессиясында айтты деп хабарлады egemen.kz Business Insider-ге сілтеме жасап.

«Менің ойымша, біз болашақта бір-бірімізге компьютерлі технологиялар арқылы ойымызды жіберу арқылы хабарласа алатын боламыз. Сіз бірдеңе ойласаңыз болды, достарыңыз ол туралы біліп отырады» деді ол.

2016 жылдың ортасында Facebook Building 8 атты құпия зерттеу бөлімін құрды. Ол компьютер арқылы адамның ойын жеткізе алатын технологияларды құрастырумен айналысады.

Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап аталған бөлімді Науk Chevillet басқарады. Ол Джонс Хопкинс университетінің қолданбалы нейробиология бағдарламасының авторы.

egemen.kz

 

 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *