Елімізде Туризм индустриясы комитеті құрылады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Туризм индустриясы комитеті құрылады. Бұл туралы Facebook парақшасында Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали жазды.

Мәдениет және спорт министрлігінде туризм саласын дамыту мәселелері, сондай-ақ, туризм бойынша уәкілетті органдардың қызметін нығайту мен мәртебесін арттыру мәселелері бойынша жиын өтті.

«Жақын арада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Туризм индустриясы комитеті құрылады. Арыстанбек Мұхамедиұлы елдегі туризм қауымдастығының өкілдерімен осы мәселе бойынша сөйлесуге дайын екенін мәлімдеп, Қазақстан туризмін дамытуға белсенді түрде атсалысуға шақырды» деп жазды Марат Иғали әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол ҚР Президентінің Жарлығы бойынша туризм саласындағы өкілеттіктердің ҚР Инвестициялар және әлеуметтік даму министрлігінен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне өткенін еске салды.

«ҚР Мәдениет және спорт министрі отандық туристік ассоциацияларды 2020 жылға дейін ҚР Туризмінің концепциясын жаңартуға атсалысуға шақырды. Ол Қазақстандағы туристік қоғамдастықтармен осы мәселе бойынша әңгімелесуге дайын екенін тағы да айтып өтті. Қазіргі уақытта туризм саласын дамыту концепциясын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр» деп жазды Марат Иғали.

 

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *