Елбасы Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Парламенті депутаттар Палатасының төрағасы Ян Гамачекпен кездесті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен болашағы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстаннның екі ел арасындағы қарым-қатынасты экономикалық және саяси салаларда реттеуге дайын екенін айтып өтті.

«Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Чехия Республикасымен бірден жақсы қарым-қатынас орнаған болатын. Чехия президенті бізде қонақта болды. Енді біз оны EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатында күтеміз» деді Қазақстан Президенті.

Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы Қазақстанның 25 жылда мықты әрі тұрақты мемлекет құрғанын айтып өтті.

Кездесу соңында Ян Гамачек Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай отырып, жас мемлекеттің әрі қарай дамуына тілектестік білдірді.

 

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *