Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

Синоптиктер Қазақстанда 23-25 ақпан күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

«Қазақстанның солтүстік облыстарында қар және күшті жел туындатқан атмосфералық фронттар Батыс Сібірге жылжып барады. Олардың тылында антициклон жайылады, солардың ықпалынан республиканың көптеген облысында аз бұлтты қысқа мерзімді, жауын-шашынсыз ауа райы орнығады» деді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, жақын тәуліктерде Қазақстанның батысында жауын-шашын жауып, тұман мен көктайғақ болады. Ал 25 ақпанда атмосфералық фронтар солтүстік облыстарға жетеді. Осы ретте ауа температурасы климаттық нормадан 5-13 градусқа жоғары болып сақталады.

«Республиканың оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен фронтар жылжитын болады, сондай-ақ, 25 ақпанда мұнда жауын-шашын, тұман, сулы қар және көктайғақ болады деп күтіледі. Осындай ауа райы, әсіресе, таулар мен тау өткелдерінде өте қауіпті болып табылады» деді синоптиктер.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *