admin

Қарақоға – іргелі мекен немесе «Өлі риза болмай, тірі байымайды

Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Албарбөгет селолық округіне бірнеше ауылдар қарайды, олар: Көкалат, Қызылоба, Қарақоға, Көлқамыс. Кезінде Айырқұм жері де (Мешіт ауылы) аталған селолық округ «Еңбек» кеңшары болып тұрған уақытында, оның қырдағы бір бөлімшесі еді. Айырқұмның жұрты 1930 жылдардағы ашаршылық жылдары жаппай қырылып қалып, кейін 70-80 жылдары ел қайта қоныстанған болатын. Кейін өз алдына жеке «Аққұм» кеңшарына айналды, ал Аққұм сол ...

Толығырақ »

Кейкі батыр: аңыз бен ақиқат

Басқа басқа біз бала кезімізден Кейкі батырдың ерлігі мен өрлігін естіп өстік. Торғай даласында Кейкі Көкембайұлы туралы әңгімелерді әрқайсымыздың аталарымыз бен әжелеріміз аңыз қылып айтып отырушы еді. Сондай әңгімені ең алғаш рет Кейкі батырдың көп жүрген жерлерінің бірі Ұлы Жаланшық өзені бойында Қатеш әжем аузынан естіп едім. Жыл сайын жаз мезгілінде қырдағы Әбілда нағашымыздың ауылына баратынбыз. Сонда Қатеш әжеміз Кейкінің ...

Толығырақ »

Тасты ауылында Кейкі Көкембайұлының кесенесі ашылады

Қостанай облысында Кейкі Көкембайұлы кесенесінің ашылуына орай өтетін шаралар кестесі жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы бағдарламалар тізімін жасады. Сонымен, іс-шаралар 15 қыркүйекте басталады. Кейкі батырдың бас сүйегін кесенеге жерлеу рәсімі Тасты ауылында сағат 10:00-де өтеді. Содан соң Амангелді, Жанкелдин, Әулиекөл, Наурызым аудандары және Арқалық қаласы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сағат 11:00-де көрермендерді қазақ ...

Толығырақ »

ТОРҒАЙ ЕЛІНДЕГІ ТОЛҚУ немесе бұрынғы отаршы Ресейдің өкілдері Егеменді елімізде неге еркінсіп, едірейеді?!

Ұлтарақтай болса да Атамекен жер қымбат! Халық даналығы Қазақ халқы ХVІІІ ғасырда болған еліміздің тарихындағы қиын кезең (1723-1725), «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында және Кеңес Одағы кезінде кіндік кескен жерінде аз санды халыққа айналғаны тамыры терең таңбалы тарихымыздан жақсы таныс. Оған басты себеп асты-үсті түрлі байлыққа толы құнарлы жеріміздің келімсіктердің көз құртына айналуы еді. Осы баға жетпес байлығынан да, бетегесі ...

Толығырақ »

Торғайлықтарға үндеу!

Жақында елде болып қайттым. Өзі туып-өскен мекеннің бүгіні мен ертеңі кім-кімді де толғандырмай қоймаса керек-ті. Оның үстіне толғауы тоқсан Торғайдың проблемасы таусылған ба? Олардың бәрін тізбелей берсем сөз ұзап кетер, сондықтан ең негізгі мәселеге назар аударғанды жөн көрдім. Қазіргі таңда жерлестерімді алаңдатып тұрған басты жайт – «Ресейге жалға жер беріледі» деген қауесет. Естуімше, «Союз-2» зымыранының бірінші сатысының қалдықтарын тастайтын алаң ...

Толығырақ »

Туған жердің мұңын кім мұңдайды, жырын кім жырлайды?!

Әркімге өзінің туған жері ыстық болатыны бесенеден белгілі, және ол ешқандай дау тудырмайтын ақиқат. Сен үшін оның әрбір тасы, сабырмен аққан өзені, сылдырап аққан бұлағы тіпті айдалада өсіп, шашын самал желпіген арудай желмен тербелген жалғыз жидесі, өзендердің бойында ырғатылған талы мен қамысы да ыстық. Олардың үнін тыңдап, өзің туған өлкенің топырағын басып, ауасымен тыныстау жаныңды тербейді. Алыста қалған балалығыңды сағындырады, ...

Толығырақ »

МАҒЖАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 20-ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ИДЕЯЛЫҚ ТАРТЫС

1917 жылы Қазан төңкерісі нәтижесінде билікке келген Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі білім беру жүйесін, ғылымды, мәдениетті, әдебиет пен өнерді бақылауға ала бастады. 1919 жылы наурызда РКП(б)-ның VІІІ съезінде білім беру мен үгіт насихат жұмыстарының барлық түрлері таптық сипатта болып, коммунистік насихатпен ұштасу міндеттелді. Съезде «… білімі бар адамдардың күшін барлық жерде пайдалануға жол бере отырып және соны қолдай отырып, ...

Толығырақ »

1937 ЖЫЛ: ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ МЕН ҚАСІРЕТІ

Шығармашылық қызметтегі қазақ зиялыларының рухани-моральдық дағдарысы 1937 жылғы қуғын сүргін жылдарында айқын көрінді. 1937 жылы әдеби көркем шығармаларымен елге танылған қазақ зиялыларын айыптау мен қуғындау бұрынғыданбетер күшейіп, өзінің шарықтау шегіне жетті. Олардың шығармаларының әр жолынан, айтылған ой пікірлерінен ұлтшылдық пен байшылдықты, кеңес үкіметіне қарсылықты, теріс ниеттілікті көруге тырысушылар шықты. Тарих саханасынан кеткен алашордашыларды айыптау, бұрындары азды көпті байланыста болғандарды және ...

Толығырақ »

Жантық пен Тантық

Жантық пен Тантықтың жатарға төсегі бөлек демесең, айтарға өсегі де, киетін киім-кешегі де, қыртқаны мен құртқаны, жұтқаны мен ұққаны да ұқсас. Мінез-құлқы есектің екі құлағындай егіз, екеуі де тоқ қаздың бөтегесіндей бұлтиған семіз. Бар айырмасы беттерінде: бірінің жүзі бөдененің жұмыртқасындай безеу-безеу болса, екіншінің әлпеті сарымай салынған қарындай сазара жылтырып тұрады. Сосын бір «сәл-пәл» өзгерек жері, Жантық — сақаулау, Тантық — ...

Толығырақ »

Машақаты аз шаруашылық

Қазақстанда 1927 жылы 1,2 млн бас түйе болыпты. Кейін ұжымдастыру кезеңінде түйе саны біршама азайып, 1941 жылы 104,6 мың бас қана қалған. Елу жыл бойы осы көрсеткіш сақталып, тек тоқсаныншы жылдары өсім байқалады. 1994 жылы еліміздегі түйе басы 150 мыңға жетті. Өндіріс құлдырай бастаған кезге дейін (1995 жыл) жыл сайын 5-9 мың тонна түйе еті, 4,5-5 мың тонна шұбат, 700-1000 ...

Толығырақ »