KASE қор биржасының күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валюта долларына 332,46 теңгеге тең болып, айтарлықтай нығайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, таңғы сессияда ұлттық валютаның бағамы 333,26 теңгеге тең болған еді. 21 желтоқсандағы күндізгі саудада бірінші келісім 332,2 теңге көрсеткішімен жасалды. Максималдық құны 333,1 теңге болып тіркелді. Минималдық құны 332 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 64,95 миллион долларға ...
Толығырақ »admin
Синоптиктер алдағы күндері елімізде қатты аяз болатынын айтты
Синоптиктер 2016 жылдың 22-24 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, Карск теңізінен келген Арктикалық ауа Қазақстанның солтүстік аудандарына жетіп, күшті аязға себеп болып отыр. «Бұл аяз климаттық нормадан 5-15 градусқа төмен. Алдағы үш тәулікте оңтүстік-шығыс бағытында жылжи отырып, біртіндеп республиканың барлық облыстарын қамтитын болады. Аязға қар ...
Толығырақ »Қостанай облысы әкімдігінде жаңа тағайындау болды
Қостанай облысы әкімдігіндегі жаңа тағайындау болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Облыс әкімінің 2016 жылдың 7 желтоқсандағы өкімімен Шаимов Мұрат Амантайұлы арнайы тексеріс қорытындысын алғанға дейін Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды. Шаимов Мұрат Амантайұлы 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Жоғары білімді, 1995 жылы Нижегород жоғары әскери тыл училищесін ...
Толығырақ »Жоғалған жылқылары туралы мәлімет үшін Қостанай тұрғыны 1 млн теңге бермек
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында 90 жылқы жоғалып кетті. Оның қожайыны Сергей Кащенко жоғалған малы туралы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге сыйақы тағайындады. Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанын Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Іс бойынша арнайы құрылған жедел тергеу тобы жұмыс істеуде», — деді ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. Барлық көршілес ...
Толығырақ »Оза шауып, бәйге алған!
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ашылғанына 1 жыл ғана болған біздің «TOBYL-TORGAI.KZ» сайты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік Тілді Дамыту Қоры бірлесіп ұйымдастырған «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы байқауы» бойынша «Шынайы өмір» аталымының жеңімпазы болып танылды. Сонымен қатар дипломмен марапатталып, сайт ұжымына қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт ретінде 300 000 теңгеге ақшалай сертификаты қоса берілді. Ұйымдастырушыларға ...
Толығырақ »Асыл аға
Биыл 60 жылдығын тойлап отырған Арқалық қаласы Торғай төсіндегі ерен еңбек қаласы болғаны мәлім. Ал, кешегі күні қайнаған еңбек ордасы Арқалыққа қазақ даласының түпкір-түпкірінен қаншама жастар келіп өз бақытын тапты. Бұл шаһардың қазақ тарихында ойып тұрып алатын өзіндік орны бар десек, ал Арқалықтың қала болып қалыптасуына өзінің ғұмырын арнаған асыл жандардың бірі Сәндібек Мұқышұлы Есқожин. Сәндібек ағамыз 1947 жылғы 15 ...
Толығырақ »«Тылсым Торғайға тур» туралы
Тур идеясы жөнінде Осыдан 4 жыл бұрын, одан кейін 3 жыл көлемінде туризм саласын зерттеген, мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамда жұмыс істеген едім. Жұмыс барысында туризмнің, оның ішінде Қазақстанда ішкі туризмнің дамуын зерттеген болатынбыз. Сонда байқағаным, жалпы елімізде туристерді шетелге апару жолға қойылған екен, ал өз еліміздің ішкі туристеріне жағдай жасау, оларға қызмет көрсету әлі де ақсап жатқанын білдім. Оның ...
Толығырақ »Жасындай жауға тиген Шәкір батыр…
Шәкір батыр жайлы ауылда жүргенде шама-шарқымша ізденіп көрген едім. Батыр жайлы деректер жоқ деуге болмас, алайда, аз екені рас. Мұхамеджан Сералиннің «Наурызбай-Қаншайымында» ептілігі суреттелсе, Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбайында» ерлігі баяндалады. Ал, Нұрхан Ахметбековтің «Жасауыл қырғынында» «қыстауын қитабаның шауып» алған қатыгез қарақшы ретінде көрсетіледі. 2002 жылдары ауылда жүргенде түбі керек болар деп, әуесқой камераға туысы Әбілдә әкемді жазып алған болатынмын. Кейін екі ...
Толығырақ »Қазақстанға рахмет…
Осыдан үш-төрт жыл бұрынғы оқиға еді, әлі күнге ойымнан кетпейді. Қытайдағы Іле қазақ облысына қарасты Үлкенқұштай деп аталатын туған жерімізге барып демалып жатқан кезіміз еді. Мен туған ауылмен жапсарлас отыратын Қайыңды деген ауыл бар. Бір күні сол ауылдағы туысқан ағамыз үйіне қонаққа шақырды. Біз де айтулы уақытта сол үйден төбе көрсеттік. Түс мезгілі болатын. Үйге жасамыс тартқан, қараторы көрші әйел ...
Толығырақ »Қалмақ жұртының қарғысы
Дүниедегі небір уақиғалардың түбінің қайырлылығын тілеу әйтеуір жақсылыққа әкеледі. Естеріңде жүрсін, бір әңгіме айтып берейін. «Баяғыда қалмақ шапқыншылығынан елді босатып, әбден жерсініп қалған даладан мықтының мысы басып ауып бара жатқан қалмақтар «Көк майсасы белден келетін, балығы тайдай тулаған, ұшқан құсы жыртылып-айырылған қайран, сахарам-ай, сақау қазаққа қалып барасың-ау» деп Еділдің қарсы бетіне шығып, қолын теріс жайып былай деп қарғапты: Бірінші — ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz