admin

30 мың қазақ кері көшуі мүмкін…

  немесе Қазақстанға қоныс аударған отыз мың қазақтың жан айқайы! Қазақ елі Егемендік алғаннан кейін Әлемге тарыдай шашылған қазақтар ата-жұртқа оралып, бір шаңырақ астына жинала бастады. Бүгінде төрткүл дүниенің төртбұрышынан 1 миллионға жуық қандастарымыз оралғаны жайлы статистика бар. Соның ішінде Қытайдан 400 мыңға жуық қазақ Қазақстанға қоныс аударыпты. Олардың көбі азаматтық алғанымен, бір бөлігі екі мемлекет арасында ыхтияр хатпен (вид ...

Толығырақ »

Асқар таудың асқақтығын алыстағанда аңғарасың

немесе Марат Барманқұлов ағамыз туралы Қазір Қазақстандағы электрондық ақпарат жүйесінде еңбек етіп жүрген журналистердің арасында бұл кісі туралы естіп-білмеген жан кем де кем болар,сірә… Ал Мараттың 1930-жылдарғы зұлматтың зардабын шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап сезінген жандардың бірі екенін онымен қоян-қолтық араласып жүрген, үзеңгілес замандастарының да көбі біле бермейтін. Торғайда 1864 жылы Ыбырай Алтынсарин ірге тасын қалаған мектеп ...

Толығырақ »

Ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы – Кейкі батырға көрсетілген бұл қандай құрмет?!

  немесе көзі тірісінде халық батырының бас сүйегін жоқтап боздаған қарияның боздауы   ХХ ғасырдың соңында, көп ғасырлар бойына ата-бабаларымыз армандап өткен тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, осынау уақытта жоғалтқан ұлттық құндылықтарымызды түгендей бастағанымыз әр қандасымыздың есінен оңайлықпен өшіріле де, ұмытыла да қоймас. Отаршы Ресей империясының «бұратана халық» деп айдар таққан аз халықтарға жасаған репрессиялық жойқын қысымын, шектен шыққан үстемдігін қалай ұмытарсың! ...

Толығырақ »

Апат төнгенде «аттан» емес, ауызбіршілік керек, ағайын!

Құрметті редакция! Мен Әулиекөл ауданының Көктал ауылында тұрамын. Осы жерде туып-өсіп, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген азаматтардың атынан бір ауыз базынамды жеткізгім келеді. Біздің ауылымыз аудан орталығынан қашықтау орналасқанымен, күнделікті өмірі жанданып, біреуден ілгері, біреуден кеш келе жатқан қазақы елді-мекендердің бірі. «Апат айтып келмейді» дейді. Кеше ғана күн күрт жылынып, су тасу қаупі төнгенде, біздің ауылымыздың да іргесін су ...

Толығырақ »

Арқа төсіндегі Торғай шаһарына биыл 172 жыл

Кішкентай кезімде ауылдан 60 шақырым қашықтықтағы Торғай қаласына әкеммен бірге барып едім, сонда елден шықпаған бала — мына мен Торғайда революцияға дейін салынған әсем ғимараттарды көріп таңғалған едім. Өйткені, теледидардан көріп жүрген Ленинградтың (Санкт-Петербургтың) ғимараттарындай ерекше ғимараттар дәл осы Торғайда сақталып қалған болатын. Ол үйлер қазір жоқ, білуімше, қазіргі Мұражай үйі мен тағы бір ғимарат сол дәуірдің ескерткіштеріндей болып тұр, ...

Толығырақ »

Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы туралы

Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы (1693 – 1752) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақ Жәнібек, Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни ...

Толығырақ »

Сейіт Кенжеахметұлының қалжыңдары

Дүниеге кедей болсаң Әкем Сейіт дүние-мүлік жинамайтын, кітап жинаған адам болатын. Біздің үйге келген бір әріптесі: — Секе, дүниеге кедей екенсің ғой, — депті. — Дүниеге кедей болсаң, өнерге бай боласың – деп жауап берген болатын. Әкем өзі жинақтаған, бір ізге салып зерттеп, көпшілікке шын ықыласымен ұсынған халқымыздың салт-дәстүрінде қалжыңның түрлерін берген. Соның ішінде құрдастар қалжыңының үлгісін көрсетіп кеткендей… Құрдастар ...

Толығырақ »

ОСПАНҚОЖА ӘУЛИЕ

Өтейұлы Оспанқожа 1862 жылы Торғай уезінің Қызбел ауылының Шобан бөлімшесінде дүниеге келген. Бала кезінен бастап бабаларының салып кеткен дін жолындағы істерін жалғастырып, осы уездің ислам дінін таратушыларының бірі болған. Халықты жинап, алдағы болатын табиғат дүлейлері мен қуаңшылық, молшылық кезеңдерін кітап көтеру арқылы жеткізіп отырған, көріпкел әулие адам. Ол діни сауаттылықты халқына жеткізу үшін өз қаражатына Сарықопа болысынан мешіт салып, медресе ...

Толығырақ »

«СКАТ» әуе компаниясының әлегі!

Бүгінгі күнге дейін қай жаққа ұшсам да Астана әуежайынан тікелей ұшатын едім. Осы жолы әртүрлі себептерге байланысты Грузия астанасы Тбилисиге билетті 20 ақпан күні онлайн тәртібімен «СКАТ» әуе компаниясының сайтынан сатып алдым. Бәрі дұрыс, сайт мақұлдап, кәртішкемнен қаражатты сыпырып алды. Яғни, Астана — Ақтау — Тбилиси — Ақтау — Астана бағытына ақшамды төлеп, билетті қалтаға салып қойдым. Сонымен, жоспарлаған уақыт ...

Толығырақ »

Головкин — Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашаннан бастап сатылымға шығатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz. 2017 жылдың 18 наурызында өтетін кездесудің билеттері 24 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бір орынның бағасы — 100 доллар. Ал ең қымбат билеттердің бағасы 1 ...

Толығырақ »