Қостанай облысында қылмыстық топтың 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ет сату бойынша ойдан шығарылған мәмілелер арқылы бюджет қаражатын жымқырған әрекетіне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, ұрлық сомасы 1,6 млрд теңгеден асады. Еске салайық, ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарған. Оның құрамына қарамағындағылар, шаруа қожалықтарының басшылары, мал дәрігерлері мен лауазымды тұлғалар кірді. ...
Толығырақ »ganibet
Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-3
Осы жерде айта кететін ауыл тірлігі жайлы, Мүттал Нұрғалиұлы сіздің бұл ойыңыз өте орынды. Бабалар өмірін, істеген ісін есте сақтап ұрпақтар есінде қалдыру, олда бір үлкен тарих. Бұл ойыңыз ұрпақтары ата-бабалары жайлы білсін, бабалары жайлы толық мағлұмат алсын. Өткендерін танып, біліп мақтанатын болсын деген ойыңыз ғой, өте орынды. Бабалар рухына деп ескерткіш, аллея тұрғызылса, ұрпақтары келіп тағзым ететін орын болып ...
Толығырақ »Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-2
Тентектің көп хикаясының басын ол ферма басқаруға қалай келді, қандай айла-шарғы жасады, әңгімені содан бастасам деймін. Әр күнгі әдетім бойынша сабақтағы үлкен үзілісте, совхоз директорының кеңсесіне үй сұрап, берген арызыма жауап болды ма?,- деп баратын әдетім. Осы барғанымда кіреберіс кеңсенің дәлізінде Тентек отыр екен. Мені көрді де, орнынан бауырымдап жылап, ұшып тұрды. Не болды?,- деп өзім ыңғайсызданып, сұрап жатырмын. Директор ...
Толығырақ »Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ
Бұл жақта жылдың төрт мезгілі өз уақытымен ауысып отырады. Көктем наурыз айында басталғанымен, ауа-райы салқын болып, қыстың ызғарлы салқыны әлі де кетпегенін сездіреді. Алайда көктемде сағына күткен жан-жануар мен адамдар еркіндікті жадыраңқы көңілі мен қуанышы айқын байқалады. Қыс бойы қар құрсауында жатқан ен даланың тіршілігіне жан бітіп, ұзақ ұйқыда жатқан зорман, суырлар да қалың қардың астынан шығып, қазықтай қақиып мені ...
Толығырақ »Қостанайдағы Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сотталды
Қостанайдағы психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қостанайдың №2 сотында Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленкоға үкім шықты. Сот мәліметінше, сотталушы мен оның әріптестері сараптама қорытындысын бұрмалады деп айыпталған. Жүргізушіні заңсыз әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін орталықтың наркологтарына сараптама қорытындысын өзгертуді тапсырған. Бұл іс сотқа дейінгі жеделдетілген өндірісте қаралды. Істі қарау барысында сотталушылар ...
Толығырақ »Қостанайда алаяқтар зейнеткерлерді 20 миллионға қалай алдағаны анықталды (ВИДЕО)
Қостанайда CyberPol қызметкерлері тұрғындарды 20 миллион теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай облысының полициясына Қостанай қаласының 6 тұрғынынан «Сіздің қызыңыз жол көлік оқиғасына түсті» деген бұрынғы схеманы пайдалана отырып, оларды алаяқтар алдағаны туралы арыз келіп түсті. Залал сомасы 20 миллион теңгеден асады. Барлық өтініштер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша соталды тергеу басталған. Тергеуге ...
Толығырақ »11 шілдеде Қостанайда ең ыстық күн болған
Қостанайда 11 шілдеде елу жылдағы ең ыстық күн болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz “Наш Костанай” сайтына сілтеме жасап. 1974 жылы сынап бағанасы 40 градус ыстықты көрсеткен. Бұл осы уақытқа дейін қаладағы ең ыстық температура болды. Ал биыл 11 шілдеде ауа райы 41 градус ыстыққа дейін көтерілді. 13 шілдеде синоптиктер қалада бұлтты ауа райы, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады деп болжады. Фото: ulysmedia.kz
Толығырақ »«Жылап тұрды»: Арқалықта бойжеткен 4-қабаттан секірмек болған
Арқалықта полиция қызметкерлері төртінші қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бойжеткен қараусыз қалған ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болған. Бұл туралы полицияға 11 шілдеде хабар келген. Түнгі сағат бір шамасында өтіп бара жатқан адам қараусыз қалған ғимараттың терезесінің шетінде бір қыздың жылап тұрғанын көрген. Ол дереу полицияға қоңырау шалды, — делінген хабарламада. Оқиға орнына автопатруль келді. ...
Толығырақ »Қостанайда полицейлер синтетикалық есірткі сатқан
Қостанай облысында есірткі саудасына қатысы бар делінген полицияның жоғары лауазымды қызметкерлері қызметінен босатылды, деп хабарлайды «ТоболИнфо». Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы мен оның орынбасары қызметінен кетті. Сондай-ақ синтетикалық есірткі тарату ісі бойынша тағы екі полиция қызметкері жауапқа тартылып жатыр. Қостанай облысы ПД қызметкері Әмзе М.А.-ға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істі Қостанай ...
Толығырақ »Белгілі ғалым Сайлау Байзақов қайтыс болды
Экономика ғылымның докторы, профессор Сайлау Байзақов қайтыс болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы оның немересі Наурыз Байзақов Facebook-те жазды. Құрметті достар, бүгін менің сүйікті Аташкам дүниеден озды, – деп жазған ол. Сайлау Байзақов 1937 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында туған. Ол – экономика ғылымның докторы, профессор. Фото: ашық дереккөз
Толығырақ »