ganibet

«504,6 млрд теңге»: Үкімет Торғай өңірін дамыту жоспарын әзірледі

Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен ...

Толығырақ »

Биыл Қостанай облысында су тасқыны бола ма? – «Қазгидромет» болжамы

«Қазгидромет» РМК су тасқыны бойынша алдын ала болжам жасады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны болуы мүмкін, – делінген синоптиктер ұсынған болжамда. Алайда қыс әлі бітпегендіктен, қардың жинақталу кезеңі де жалғасады,көпжылдық бақылауларға сәйкес, көктемалды кезеңде тәулік ішінде бір айлық мөлшердегі ...

Толығырақ »

Рудный қаласының әкімі қызметінен кетті

Қуандық Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қаласының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Рудный әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Виктор Ионенкоға қала әкімінің міндеттерін уақытша атқару жүктеліп, қызметке тағайындалды. Оның инженерден бастап облыс әкімінің орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ Виктор Ионенко Денисов, Меңдіғара, Қарасу аудандарының әкімі болған.

Толығырақ »

Қостанай облысында екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

Қостанай облысына қарасты Надеждинка ауылында екі адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне, 23 қаңтарда жанып кеткен үйдің опырылған төбесінің астынан бір адамның және далада, қар астынан тағы бір адамның мәйіті табылған. Табылған екі мәйіт бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, — делінген хабарламада. Қазіргі ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы ауылда өрттен ана мен бала қаза тапты

Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінде 34 жастағы әйел алты жасар ұлымен бірге өрттің құрбаны болды. Олардың мәйіттері өрт сөндіру кезінде табылды. Бұл дерекке ТЖД мен облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 26 қаңтар күні сағат 09:09-да шақырылған. Жеке тұрғын үй өртенді. Сағат 09:17-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. ...

Толығырақ »

Қостанайда қарт әжейді пышақтап өлтірген әйел 17 жылға сотталды

Қостанайда алтын бұйымдар үшін қарт әжейді пышақтап өлтірген әйел 17 жылға сотталды, деп хабрлайды tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қостанай ауданының Нечаевка ауылының тұрғыны дәрменсіз күйдегі адамды өлтіргені және қарақшылықпен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдану арқылы адамның өмірі немесе деңсаулығына шабуыл жасағаны үшін сотталды. Оған ҚР ҚК 99- бабы 2-бабы 3,8 тармақтары ...

Толығырақ »

Қостанайда 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті KZobmen.com, 1WM.KZ, Kazobmen.ru, WM007.KZ, KZ-EXCHANGE.COM крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жүргізілген жедел іс-шаралара нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: ноутбуктер, ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты

2020 жылы Жанкелдин ауданы Шилі ауылының сыртындағы бөгетке күрделі жөндеу жүргізілген еді. Оған қазынадан 194 миллионға жуық қаржы бөлінді. Бірақ салынғанына көп уақыт өтпеген сол тоған келесі көктемдегі қарғын суға шыдас берген жоқ. Ел арасында, әсіресе, ғаламторда, әлеуметтік желіде бөгеттің сапасыз салынғаны туралы ақпарат кең тарап кетті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап.   Былтыр құзырлы органдар осы мәселеге ...

Толығырақ »

Қостанайда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Қостанай қаласындағы 8-шағын ауданда орналасқан №11 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жеке басы анықталды. Ол тұрғылықты жері жоқ 51 жастағы ер адам болып шықты. 8-шағын ауданда орналасқан №11 көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның денесі табылды. 10-қабаттың баспалдағында қоқыс жанып жатқаны туралы ...

Толығырақ »

Қостанайда 3 жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Қостанайда отадан кейін комаға түскен 3 жасар бала қайтыс болған еді. Полиция осы іске қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың өліміне қатысты полиция соталды тергеуді бастады. Қажет тергеу әрекеттері, сараптамалар жүргізіліп жатыр, — делінген ведомство хабарламасында. Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жоспарланған отадан кейін комаға түскен үш ...

Толығырақ »