Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 24 ақпанда күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің біріне қарумен барып, 792 мың теңгені иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ автокөліктер тексерілді. Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама ...
Толығырақ »ganibet
Қостанай тұрғыны екі жастағы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр
Қостанайда ауруханада көз жұмған екі жастағы сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді сараптама тағайындалды. Қала тұрғыны Мақпал Баймұхаметова баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Былтыр желтоқсан айында екі жастағы Асан ларингит ауруымен облыстық ауруханаға жеткізілген.Бір тәуліктің ішінде бүлдіршіннің тамағындағы дерт, өкпе қабынуына ұласады да беймәлім жағдайда жан тапсырады. Медициналық және фармацевтикалық бақылау мекемесінің тексеріс нәтижесімен келіспейміз.Өйткені олар қызметкерлердің түсініктемелері ...
Толығырақ »Қостанай облысында мектеп оқушыларының 27,3%-ы қазақша оқиды
Қостанай облысы — түрлі салаларды дамытуда әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Сондықтан ел экономикасына елеулі әсер ететін салаларға инвестиция салу мен дамытуға ерекше мән берілген. Бұл тұрғыда Kazinform агенттігінің «Әкімге сұрақ» жобасы аясында осы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтан сұрап көрдік. — Құмар Іргебайұлы, Қостанай облысы ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды өңірлердің бірі. Мал шаруашылығындағы жайылым, ал егін ...
Толығырақ »Қостанайда 50-ден аса тәжікстандық жолда қалып қойған
Қостанайлық жолшылар 55 шетел азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург — Алматы» автожолындағы Қарабалық ауылының маңында бүгін қатты аяз салдарынан Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған автобустың жанар-жағармайы қатып қалды. Жолшылар тез арада автобусты жақын маңдағы кемпингке сүйреп апарып, жылытып, көлікті оталдырып берді. Автобус ішінде 55 адам болған, оның 6-ы бала. ...
Толығырақ »Қостанай облысында ветеринарлар жауапқа тартылды
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының прокуратурасы Ветеринариялық станса қызметін тексеру барысында ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Анықталғандай, Красный Кордон ауылы, Новоалексеев, Свердлов, Большечураков, Обаған, Димитров және М. Хакімжанова атындағы ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлері аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық шаралар өткізбеген. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті мемлекеттік органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау нәтижесінде аталған ...
Толығырақ »Қостанайда алты жасар қыз ашық кәріз құдығына құлап кетті
Қыздың есі дұрыс, құлаған кезде жарақат алмаған, бірақ гипотермияға байланысты жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы ng.kz жазды. Бала құлаған жылу құдығы «Аэропорт» шағын ауданында орналасқан. Оның қақпағы ашық, ішіндегі су деңгейі 70 сантиметрге дейін жеткен. Өтіп бара жатқандар шақырған төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері қызды люктен алып шықты. Баланың жағдайы тұрақты. Сол оң динамикамен ертең оны бөлімшеге ауыстырамыз, ...
Толығырақ »Қостанай облысында халық саны 8,3%-ға азайған
Соңғы жылдары Қостанай облысында халық саны азайып кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай (-8,3%) облыстарында халық саны кеміген. Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал, солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалады. Соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай ...
Толығырақ »Қостанай облысында екі ауданның әкімдері қызметтерінен кетті
Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 ақпандағы өкімімен берілген өтініштеріне байланысты Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов Жітіқара ауданының әкімі (2021 жылғы мамырдан бастап қызмет атқарды), Азамат Қанатұлы Аужанов Ұзынкөл ауданының әкімі (2022 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарды) қызметтерінен босатылды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов. ...
Толығырақ »Қостанайда әкімдік қызметкері әскерге шақыртуды кейінге қалдыру үшін 400 мың теңге сыйақы алған
Қостанай әкімдігінде бөлім басшысы азаматтан әскерге шақыртуды кейінге қалдырам деп ақша алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық сотқа сілтеме жасап. Қостанай облыстық сотының ресми сайтында хабарланғандай, № 2 қалалық сотта «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта азаматтың міндетті әскери қызметке шақыруды ...
Толығырақ »Арқалықтағы ауруханада болған төбелестің видеосы тарап жатыр
Әлеуметтік желіде Арқалықтағы ауруханалардың бірінде келуші мен дәрігердің төбелескені түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Видеоны Telegram-дағы Egov.press арнасы жариялады. Бейнежазбадан жанжалдан кейін медициналық мекемеге келген адам дәрігерге жұдырық ала жүгіргенін көруге болады. Дәрігер де төбелесе жөнелген. Оларды кабинеттегі адамдар ажыратқан. Жазбада видеода түсірілген жағдай Арқалық ауруханасында болғаны айтылған. Бұл жағдайға Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді. Полицейлердің ...
Толығырақ »