ganibet

Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына біреулер оқ атты

Белгісіз біреудер Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Алдын ала болжам бойынша, белгісіз біреулер қара түсті көлікпен ішкі істер бөлімі ғимаратына жақындап, оқ жаудырған. Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. «Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ және оның мән-жайы анықталуда» ...

Толығырақ »

Цифрландыру бағдарламасы: Қостанайда 130 жоба іске асады

Қостанайдағы пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативі (ПИТК) «е-Қостанай» жүйесіне қосылады. Облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Еркебұлан Әбдікәрімов Қостанайдағы ПИТК жаңа жүйеге көшетінін айтты. «Қостанайда «Ақылды бағдаршам», «Ақылды транспорт» және SmartKostanay сынды мобильді қосымшалар іске қосылған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің қабырғаларына QR-кодтар орнатылды. ...

Толығырақ »

Инвестициялық жобаларға — 251 млрд теңге

Қостанайда «Kostanay-Invest 2018» екінші халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форум қатысушылары алдымен Қостанай қаласындағы индустриялық аймаққа барып, олар ауыл шаруашылығы зауытының жұмысымен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, мұнда «Беларус» тракторлары құрастырылады. Облыстық филармонияда өткен пленарлық отырыста аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті таныстырылды. «Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті: келешегі, жаңа мүмкіндіктер мен ...

Толығырақ »

Жастар саясатын іске асыру бойынша қосымша қаражат қарастырылады

Облыс әкімдігінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Актив мәжілісіне облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, облыстық мәслихат хатшысы, жоғары оқу орындарының ректорлары, онлайн режимде қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов биылғы Жолдау әрбір шаңырақтың, әр азаматтың жағдайын жақсартуға арналғанын ...

Толығырақ »

Кейбір ЖОО-да жатақхана орындары көбейеді

Алдымыздағы жылы еліміз бойынша студенттік жатақханаларды жаңа орындармен қамтамасыз етудің алғышарттары жасалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Мемлекет басшысының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде студенттер жатақханаларын жаңа орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыс отырысы өтті. Жиын барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі, бағдарламаны жүзеге асырушы оператор Қаржы орталығы және бірқатар ЖОО, ...

Толығырақ »

Тағы зымыран құлады, тағы у төгілді…

2050 жылға дейін Ресейге жалға берілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тағы дау шықты. Күні кеше Байқоңырдағы Гагарин старт алаңынан «Союз МС-10» кемесін алып ұшқан «Союз ФГ» зымыран тасығышының техникасынан ақау шығып, аспанда апатқа ұшырады.  Ресейдің Роскосмос корпорациясының ақпаратына қарағанда, бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг бар «Союз МС-10» ғарыш кемесі 11 қазан күні Астана уақытымен сағат 14:40-та «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған. ...

Толығырақ »

Бала тәрбиесіне бейжай қарамайық

Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Әсіресе, бала тәрбиесі. «Адамның бір қызығы бала деген…», «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім деп» Абай айтқандай, адам қашанда ұрпағымен қымбат. Білім тәрбие арқылы беріледі «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген халық ұрпағының өсіп-жетілуіне, тәрбиесіне барынша жағдай жасауға тырысқан. Ал тәрбие, тал бесіктен ...

Толығырақ »

Үздік ұстаздарға 2 млн 405 мың теңгеден табыс етілді

Бүгін Астана ЭКСПО-2017 аумағында «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр. Іс-шара барысында 64 үздік ұстаздың әрқайсысына 2 млн 405 мың теңгеден табыс етілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шарада ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Бүгін бәріміз үшін өте қуанышты күн. Өйткені, білім саласында жұмыс істеп жатқан мамандарға, ...

Толығырақ »

Торғайда дүбірлі той басталды

Бүгін Жанкелдин және Амангелді аудандарының 90 жылдық торқалы тойы басталды. Торғайлықтардың төл мерекесіне елдің әр қиырынан көптеген мейман келді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те арнайы барды деп хабарлайды Тобыл-Торғай-ақпарат. Жангелдин ауданында аймақ басшысы және Төлен Әбдік, Кенжеғали Сағадиев, Сапар Ысқақов, Сайлау Байзақов бастаған белгілі тұлғалардың қатысуымен «Торғай елі – тұлғалар мекені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, сондай-ақ, қазақ күресінен, «Торғай ...

Толығырақ »